Astana IT University
Меню

Навигация

.

Astana IT University Индонезиядағы халықаралық көрмеде Қазақстанды таныстырды

Қазақстан жаһандық білім беру кеңістігінде.

Astana IT University Индонезияның Джакарта қаласында өткен халықаралық Study in Kazakhstan білім көрмесінде Қазақстан атынан қатысты. Бұл — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қазақстандық жоғары оқу орындарын әлемдік деңгейде танытуға бағытталған бастамасы.

Көрме барысында шетелдік талапкерлер Қазақстанда білім алу мүмкіндіктерімен танысып, Astana IT University ұсынатын білім беру бағдарламалары туралы ақпарат алды. Біз университеттің академиялық бағдарламаларын таныстырып, Азия елдерінен келген болашақ студенттермен байланыс орнатып, жаңа халықаралық серіктестіктерге жол аштық. Қазақстан. Әлем картасында. Жаһандық күн тәртібінде.

Ел/қала: Джакарта, Индонезия
Күні: 2026 жылғы 15–17 маусым

Astana IT University