Astana IT University
Меню

Навигация

Itechpreneur Battle 2026 — IT-кәсіпкерлік және экономика бойынша республикалық чемпионат

Тіркелу сілтеме арқылы қолжетімдіiTechpreneur Battle 2026 чемпионаты
Itechpreneur Battle — мектеп оқушылары мен колледждердің бітіруші курс студенттеріне арналған IT-кәсіпкерлік және экономика бойынша республикалық чемпионат. Қатысушылар оқудан өтеді, командада жұмыс істейді, өздерінің IT-жобаларын әзірлеп, оларды сарапшыларға ұсынады.

Чемпионат логикалық, сыни және креативті ойлауды, кәсіпкерлік дағдыларды, командада жұмыс істеу, ақпаратты талдау және өз идеясын таныстыру қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, Itechpreneur Battle қатысушыларға Astana IT University-дің IT Entrepreneurship, IT Management және AI Business білім беру бағдарламаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Чемпионатқа қатыса алады:

• 11–12 сынып оқушылары
• колледждер мен техникумдардың бітіруші курс студенттері
• дайын командасы бар немесе қатысу үшін команда жинауға дайын үміткерлер
• өз стартабын әзірлеуге, бизнес-идеяларды дамытуға және IT-кәсіпкерлік саласында практикалық тәжірибе алуға қызығушылық танытатын үміткерлер

Чемпионат екі кезеңде өткізіледі:

1-кезең — онлайн оқыту және іріктеу
Қатысушылар Astana Hub Startup Academy платформасында екі апталық онлайн оқудан өтеді, содан кейін біліктілік тестілеуін тапсырады. Оның қорытындысы бойынша финалға қатысушылар анықталады.

2-кезең — Astana IT University базасындағы финал
Финал Astana IT University базасында офлайн форматта өтеді. Қатысушылар өз жобаларын сарапшылар алдында pitch-презентация форматында қорғайды.

Чемпионатқа қатысу келесі мүмкіндіктерді береді:

• IT-жобаларды әзірлеу бойынша практикалық тәжірибе алу
• стартап қызметі мен кәсіпкерліктің негізгі құралдарын меңгеру
• жобаны сарапшылар қауымдастығының қарауына ұсыну
• бизнес және кәсіби қауымдастық өкілдерімен пайдалы байланыстар орнату
• Astana IT University-дің ITE, ITM және AI Business бағдарламалары бойынша 3 толық грантқа конкурсқа қатысу

Өткізу күндері

- 2026 жылғы 20 сәуір – 3 мамыр — Startup Academy платформасында оқу
- 2026 жылғы 5–6 мамырға дейін — бірінші кезең жеңімпаздарын анықтау
- 16–17 мамыр 2026 — Astana IT University базасындағы финал
Astana IT University