Astana IT University
Меню
.

Astana IT University-де талантты мектеп оқушылары мен колледж түлектеріне арналған «AITU iQalam 2026» олимпиадасы өтті

Astana IT University-де шығармашылық қабілеті жоғары мектеп оқушылары мен колледж түлектерін анықтауға, сондай-ақ талантты жастарды «Цифрлық журналистика» білім беру бағдарламасына тартуға бағытталған «AITU iQalam 2026» олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада университетте үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және қатысушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін, медиа-контент жасау дағдыларын және журналистикаға деген қызығушылығын көрсетуге мүмкіндік береді.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңінде қатысушылар онлайн форматта «Неліктен мен журналист болғым келеді?» тақырыбында посттар мен Reels бейнероликтерін дайындады. Қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар финалдық кезеңге жолдама алды.

Қорытынды кезеңде қатысушылар «Менің болашақ мамандығым – журналист» тақырыбында эссе жазып, өздерінің аналитикалық ойлау қабілеттерін, жазбаша тіл мәдениетін және қазіргі қоғамдағы журналистиканың рөлін түсіну деңгейін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша финалдық кезеңнің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.

III орын иегерлері және оқу ақысына 20% жеңілдік алған қатысушылар:

• Мельник Руслан
• Рахманқұл Іңкәр
• Даумбекова Нұрзада

II орын және оқу ақысына 20% жеңілдік алған қатысушылар:

• Абдрахманова Аружан
• Тоқтарбек Айсара

Олимпиада жеңімпаздары және Astana IT University Ректоры грантының иегерлері:

• Алькенев Амирали
• Тұрсынжан Аяулым

«AITU iQalam 2026» олимпиадасының жеңімпаздары мен барлық қатысушыларын құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын кәсіби табыстар тілейміз!