Astana IT University
Меню

Навигация

Astana IT University-де “Digital Journalism” білім беру бағдарламасына ректорлық грант ұтып ал!

AITU iQalam 2026 — 11–12 сынып оқушылары мен колледждің бітіруші курс студенттеріне арналған шығармашылық олимпиада.

Қатысу үшін қазір тіркеліңіз!
Сілтеме: https://astanait.edu.kz/ru/iqalam-form

Кімдер қатыса алады?
— 11–12 сынып оқушылары;
— колледждің бітіруші курс студенттері.

Қалай қатысуға болады?

1. «Неліктен мен журналист болғым келеді?» тақырыбында мотивациялық пост немесе Reels дайындаңыз.
2. Instagram немесе TikTok желісінде жариялаңыз.
3. Хэштегтерді қолданыңыз:
#astana_it_university
#aitu_iqalam
#aitu_iqalam2026
#aitu_digitaljournalism

@astana_it_university және @aitu_creative парақшаларын белгілеңіз.

4. Жариялағаннан кейін профиль сипаттамасындағы сілтеме арқылы тіркеу формасын толтырыңыз.

Пост/Reels форматы:
— фото/инфографика + мәтін;
— 60 секундқа дейінгі видео;
— вертикалды формат 9:16.

Тіл: қазақ, орыс немесе ағылшын — таңдауыңыз бойынша.

Қабылданбайды:
— жарнамалық сипаттағы контент;
— басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімдерін қорлайтын материалдар;
— олимпиада тақырыбына сәйкес келмейтін жұмыстар;
— адам өміріне қауіп төндіріп түсірілген видеолар;
— авторлық құқықты бұза отырып жасалған жұмыстар;
— бұрын жарияланған контент.

Барлық жұмыстар плагиатқа және жасанды интеллект арқылы жасалған контентке тексеріледі.

Олимпиада кезеңдері:
— 2026 жылғы 30 мамырға дейін — онлайн іріктеу кезеңі;
— 2026 жылғы 1 маусымға дейін — іріктеу нәтижелері;
— 2026 жылғы 8 маусым — финал және марапаттау рәсімі.

Негізгі жүлде: AITU-дағы “Digital Journalism” білім беру бағдарламасына ректорлық грант!
Astana IT University