Astana IT University-де жобалық менеджмент, цифрлық мемлекет және экономикалық қауіпсіздік бойынша халықаралық конференция өтті
2026 жылғы 5–6 маусым күндері Astana IT University базасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің AP23489668 «Сәтті іске асырылған мемлекеттік бағдарламалардың үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың жобалық кеңселері үшін жетілу моделін әзірлеу» ғылыми жобасы аясында «Жобалық менеджмент пен цифрлық мемлекеттегі өзекті сын-қатерлер мен шешімдер: елдің қаржылық және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара Қазақстан мен шетелдердің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдарының, жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдерін біріктірді. Конференция жұмысына жас зерттеушілер, магистранттар мен докторанттар да белсенді қатысты. Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Армения және Италия елдерінен келген ғалымдар мен сарапшылар жобалық басқару, мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект технологияларын қолдану, қаржылық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы зерттеу нәтижелері мен практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Пленарлық отырыс пен тақырыптық секциялар барысында қатысушылар мемлекеттік органдардың жобалық кеңселерін дамыту, цифрлық мемлекеттік басқару, жасанды интеллектті қолдану, қаржылық және экономикалық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін арттырудың үздік халықаралық тәжірибелерін талқылады.
Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында жобалық басқаруды одан әрі дамытуға, мемлекеттік басқарудың цифрлық құралдарын жетілдіруге және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелілігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.