Astana IT University
Меню
.

Astana IT University-де iCode 2026 бағдарламалау олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

6 маусымда Astana IT University-де Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 9–12 сынып оқушылары арасында iCode 2026 бағдарламалау олимпиадасының финалдық, үшінші кезеңі өтті.

Олимпиада мектеп оқушылары арасында IT-пәндерді насихаттау, дарынды оқушыларды ерте кезеңде анықтау және Қазақстанның жас ұрпағының ақпараттық технологияларды оқып-үйренуге қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі.

Финал күні қатысушылар тіркеуден өтіп, олимпиаданың қорытынды кезеңінің тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ оқушылар үшін университет кампусы бойынша экскурсия және Astana IT University-дің білім беру мүмкіндіктері туралы таныстырылым ұйымдастырылды.

Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша бес қатысушы Astana IT University Ректорының грантына ие болды:

• Шалғынбай Рамазан
• Смоилов Салохиддин Эльярович
• Қайрулаев Азиз Серікович
• Әділжан Саламат
• Азамат Мәдиұлы Бексұлтанов

Іс-шара жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталды.

Қатысушыларды лайықты жеңістерімен құттықтап, ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін одан әрі жетілдіру жолында табыс тілейміз!
Astana IT University