Astana IT University командалары CyberTech CTF 2026 халықаралық жарысында бірінші және үшінші орындарға ие болды
ICCSDFAI 2026 (International Conference on Cybersecurity, Digital Forensics and AI Applications) халықаралық конференциясы аясында Astana IT University жанындағы CyberTech ғылыми-инновациялық орталығы ұйымдастырған CyberTech CTF 2026 халықаралық жарысы өтті.
Үш күн бойы қатысушылар мамандандырылған онлайн-киберполигонда Jeopardy Capture The Flag (CTF) форматында сынға түсіп, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы практикалық тапсырмаларды орындады. Жарысқа Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Түркияның студенттік командалары қатысып, өңірдің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерін бір халықаралық алаңда тоғыстырды.
CyberTech CTF 2026 бағдарламасы цифрлық криминалистика (Digital Forensics), криптография (Cryptography), стеганография (Steganography), веб-қауіпсіздік (Web Security), желілік трафикті талдау, желілік технологиялар және киберқауіпсіздіктің өзге де бағыттары бойынша тапсырмаларды қамтыды. Әрбір тапсырманың күрделілік деңгейі мен ұпайлық бағасы болды. Командалар тапсырмаларды орындау стратегиясын өз бетінше әзірлеп, қатысушылар арасында міндеттерді бөліп, ең жоғары ұпай жинауға ұмтылды.
Astana IT University атынан жарысқа екі команда қатысты.
FR13NDS TEAM:
Бекжан Дарменов
Дидар Сайлауов
Арсен Абдуллин
Әлібек Ахметов
Кеңес Құрмет
em1x:
Дінмұхаммед Мейрамбек
Ернұр Хуан
Диас Жұмашев
Арсен Нұғыманов
Мақсат Серікұлы
Екі команда да практикалық киберқауіпсіздік бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тиімді командалық жұмыс, міндеттерді сауатты бөлу және тапсырмаларды жоғары жылдамдықпен орындаудың арқасында жарыс бойы турнир кестесінің көшбасшылары қатарында болды.
CyberTech CTF 2026 қорытындысы бойынша FR13NDS TEAM командасы халықаралық жарыстың абсолютті жеңімпазы атанып, 1-орынды иеленіп, 3 000 АҚШ доллары көлеміндегі бас жүлдені жеңіп алды. em1x командасы да жоғары нәтиже көрсетіп, 3-орынға ие болып, 1 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлдеге ие болды.
CyberTech CTF 2026 нәтижелері:
1-орын — FR13NDS TEAM (Қазақстан, Astana IT University) — 3 000 АҚШ доллары
2-орын — CSEC_UZ (Өзбекстан) — 2 000 АҚШ доллары
3-орын — em1x (Қазақстан, Astana IT University) — 1 000 АҚШ доллары
Astana IT University-дің екі командасының бірдей жүлделі орындарға ие болуы студенттердің цифрлық криминалистика, ақпараттық жүйелердің қорғалуын талдау, криптография, реверс-инжиниринг және заманауи киберқауіпсіздік технологияларын тәжірибеде қолдану бағыттары бойынша жоғары дайындық деңгейін айқын көрсетті.
Халықаралық жарыстағы бұл жетістік Astana IT University-дің киберқауіпсіздік саласындағы білім беру бағдарламаларының тиімділігін және студенттердің практикалық даярлығының жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. CyberTech CTF 2026 жарысына қатысу студенттерге халықаралық деңгейде өз кәсіби құзыреттерін көрсетуге, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нақты міндеттерді шешу тәжірибесін жинақтауға, командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге және Орталық Азия мен Түркия елдерінің университеттері мен сарапшылар қауымдастығымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.