Astana IT University
Меню

Навигация

.

Astana IT University-де «AITU Hackday: Time for Industry 4.0 is now» хакатоны өтті

2026 жылғы 25–26 маусымда Astana IT University-де Ғылым және инновациялар департаменті мен Industry 4.0 ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырған «AITU Hackday: Time for Industry 4.0 is now» хакатоны өтті.

Хакатон Industry 4.0 саласындағы инновациялық жобалар мен шешімдерді ұсынған 17 студенттік команданы біріктірді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – талантты әрі креативті студенттерді анықтау, олардың практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ қатысушылардың индустрия өкілдерімен және сарапшылар қауымдастығымен өзара байланысын нығайту болды. Хакатон барысында командалар өзекті мәселелерді шешуге және перспективалы технологиялық шешімдерді әзірлеуге бағытталған жобаларын таныстырды.

Хакатонның жалпы жүлде қоры 500 000 теңгені құрады. Жеңімпаздар сарапшылар алқасының алдында жобаларын таныстыру нәтижесі бойынша анықталды.

«AITU Hackday: Time for Industry 4.0 is now» хакатонының жеңімпаздары:

1-орын — Web Space командасы

Нұрай Нысанбек
Нұрали Асланбеков
Мади Талғат

2-орын — Ratisho командасы

Томирис Әлімова
Бақдәулет Дағыстанов

3-орын — Participants командасы

Диляра Ахметова
Алан Селиванов
Алмас Хусаинов

«AITU Hackday: Time for Industry 4.0 is now» хакатоны инновациялық идеяларды жүзеге асыруға, инженерлік ойлауды дамытуға және студенттердің командалық жұмысын нығайтуға арналған тиімді алаңға айналды. Қатысушылар өз білімдерін тәжірибеде көрсетіп, өзекті мәселелердің шешімдерін ұсынып, жобаларын сарапшылар алқасына таныстыру мүмкіндігіне ие болды.

Astana IT University жеңімпаздарды құттықтап, хакатонның табысты өтуіне және университеттің инновациялық экожүйесін дамытуға үлес қосқан барлық қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен серіктестерге алғыс білдіреді.
Astana IT University