Astana IT University
Меню

Навигация

Оқытушыларға

Оқытушыларға

Әдебиеттерді сатып алуға өтінім

Құрметті оқытушылар!
2026–2027 оқу жылына арналған Astana IT University кітапхана қорын қалыптастыру мақсатында оқу әдебиеттерін сатып алуға өтінімдер қабылданады.

Өтінімді толтырмас бұрын, қажетті әдебиеттің кітапхананың электрондық каталогында бар-жоғын тексеріп, сайттың тиісті бөлімінде қолжетімді баспалардың прайс-парақтарымен танысуға кеңес береміз. Маңызды:
– өтінімдер 2026 жылғы 1 мамырға дейін қабылданады;
– қазақстандық және ресейлік баспалар, әдетте, бір атау бойынша кемінде 10–25 дана таралыммен тапсырыс қабылдайды;
– соңғы тізім басымдық, бюджет және Білім беру бағдарламалары мектептерінің директорларымен келісу негізінде қалыптастырылады.

Өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар:
– нысанның барлық жолдарын толтыру қажет;
– басылымның толық библиографиялық деректерін көрсету қажет (авторы, атауы, баспасы, шыққан жылы, ISBN);
– пәнді, білім беру бағдарламасын, даярлық деңгейін және қажетті дана санын көрсету қажет;
– әдебиет түрін міндетті түрде көрсету қажет (оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми), себебі әр пән тиісті әдебиет түрлерімен қамтамасыз етілуі тиіс;

Толтырылған өтінімді келесі электрондық поштаға жіберу қажет: maral.nuralina@astanait.edu.kz .

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: +7 705 623 3300.

Оқу әдебиеттерінің бағалары

Құрметті оқытушылар!

Бұл бөлімде Astana IT University кітапхана қорына тапсырыс беруге қолжетімді оқу әдебиеттері баспаларының өзекті прайс-парақтары ұсынылған.

Прайс-парақтар ресми жеткізушілер тарапынан ұсынылған және әртүрлі дайындық бағыттары бойынша оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми басылымдардың тізімін қамтиды.

Оқытушыларға білім беру процесін қамтамасыз ету үшін әдебиеттерді сатып алуға өтінім қалыптастыру кезінде осы прайс-парақтарды пайдалану ұсынылады.

Назарларыңызға, кейбір баспалар тапсырыстың ең төменгі таралымын белгілейді (бір атаудың 10-нан 25 данаға дейін).

Төменде баспалар бойынша прайс-парақтар ұсынылған:

Электрондық ресурстар бойынша тренингтерге өтінім

Құрметті оқытушылар!

Кітапхана ресурстары бойынша тренингке жазылу үшін өтінім формасын толтырыңыз. Сабақ барысында қажетті ақпаратты жылдам табу, электрондық дерекқорларды пайдалану және ғылыми материалдармен жұмыс істеу жолдарын үйренесіз.

Бағдарлама аясында келесі тренингтер қолжетімді:
- Astana IT University электрондық кітапханасымен жұмыс;
- Ғылыми дерекқорлар: Scopus және Web of Science;
- Ғылыми қызметтегі наукометриялық көрсеткіштер: дәйексөздер, h-index, impact factor және басқа метрикалар;
- Ғылыми ақпаратты іздеудің және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеудің тиімді әдістері.

Тренингтер ғылыми ақпаратты іздеу, талдау және пайдалану дағдыларын дамытуға, сондай-ақ білім беру процесі мен зерттеу қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.
Astana IT University