Оқу-әдістемелік кеңес
Оқу-әдістемелік кеңес «Astana IT University» ЖШС-нің оқу және оқу-әдістемелік қызметін алқалы басқару органы болып табылады. Кеңес жалпы Университеттің академиялық қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында академиялық құрылымдық бөлімшелердің оқу-әдістемелік жұмысына жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады. Кеңес өз қызметін білім алушылардың, профессор-оқытушылар құрамының және Университет қызметкерлерінің мүдделерінде жүзеге асырады.
Кеңес құрамы Академиялық қызмет департаментінің өкілдерінен, білім беру бағдарламалары мектептерінің декандарынан, профессор-оқытушылар құрамынан, студенттік ұйымдардың, жұмыс берушілердің өкілдерінен, Университеттің академиялық қызметіне тартылған өзге де құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан құралады.
Кеңес өз қызметін «Astana IT University» ЖШС Оқу-әдістемелік кеңесі туралы ережеге сәйкес ұйымдастырады.

Оқу-әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері:
Университеттің академиялық қызметін дамытудың басым бағыттарын айқындау;
Білім беру сапасын арттыруға бағытталған халықаралық тәжірибені, жаңа технологияларды, оқытудың белсенді әдістері мен құралдарын ескере отырып, оқу және оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру және жетілдіру;
Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету және университеттің білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту;
Оқытушылардың кәсіби және әдістемелік құзыреттілігін дамытуға семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы ықпал ету.
Құжаттар
Мұрағат
Байланыс ақпараты
Абишева Сандугаш Канатовна
Оқу-әдістемелік кеңестің хатшысы
Кабинет: C1.1.335
Email: S.Abisheva@astanait.edu.kz
Оқу-әдістемелік кеңестің хатшысы
Кабинет: C1.1.335
Email: S.Abisheva@astanait.edu.kz