Astana IT University
Меню

Навигация

Оқу-әдістемелік кеңес

Оқу-әдістемелік кеңес

Оқу-әдістемелік кеңес «Astana IT University» ЖШС-нің оқу және оқу-әдістемелік қызметін алқалы басқару органы болып табылады. Кеңес университеттің академиялық қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық бөлімшелердің оқу-әдістемелік қызметіне жалпы басшылық жасап, үйлестіруді жүзеге асырады.

Оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы – Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры. Төрағаның орынбасары – Оқу-әдістемелік бөлімнің басшысы.

Оқу-әдістемелік кеңестің құрамы Бірінші проректордың ұсынысы бойынша Басқарма төрағасы-ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Оқу-әдістемелік кеңестің іс жүргізуін дауыс беру құқығына ие хатшы жүзеге асырады.

Оқу-әдістемелік кеңестің құрамына Академиялық қызмет департаментінің директоры, білім беру бағдарламалары мектептерінің директорлары, оқытушылар мен студенттер өкілдері және университеттің академиялық қызметіне қатысатын өзге құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді.

Оқу-әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері:

Университеттің академиялық қызметін дамытудың басым бағыттарын айқындау;
Білім беру сапасын арттыруға бағытталған халықаралық тәжірибені, жаңа технологияларды, оқытудың белсенді әдістері мен құралдарын ескере отырып, оқу және оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру және жетілдіру;
Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету және университеттің білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту;
Оқытушылардың кәсіби және әдістемелік құзыреттілігін дамытуға семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы ықпал ету.  

Құжаттар

Мұрағат

Astana IT University