Astana IT University
Меню
Жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен оқу

Жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен оқу

(NCOC N.V. және KPO B.V. компанияларының қаражаты есебінен берілетін білім беру гранттары)

NCOC N.V. және KPO B.V. компанияларының қаражаты есебінен берілетін білім беру гранттары

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, NCOC N.V., KPO B.V. және «KAZENERGY» қауымдастығы арасында 2015 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары шеңберінде бөлінген қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу конкурсы өткізіледі.

Осыған байланысты «KAZENERGY» қауымдастығы 2026–2027 оқу жылына NCOC N.V. және KPO B.V. компаниялары бөлген қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу конкурсына (бұдан әрі – Конкурс) өтінім қабылдау 2026 жылғы 25 шілде мен 31 тамыз аралығында жүргізілетінін хабарлайды.

Жер қойнауын пайдаланушылар бөлген қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу конкурсына Қазақстан Республикасының келесі азаматтары қатыса алады:

– жалпы білім беретін мектептердің (соның ішінде шағын жинақты мектептер, гимназиялар, лицейлер және бейіндік мектептер) түлектері;
– Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (училищелер, колледждер және жоғары колледждер) білім алушылар;
– Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар, институттар және оларға теңестірілген ұйымдар) білім алушылар.

Жоғары оқу орындарына түсушілер үшін Конкурсқа қатысудың міндетті шарттарының бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификатының болуы. Бұл ретте үміткерлер 2026 жылы алынған ҰБТ сертификаттарының ішіндегі ең жоғары нәтижені пайдалана алады.

Бағдарламаға Қазақстан Республикасының аумағында білім беру қызметін жүзеге асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсетін және (немесе) білім алатын Қазақстан Республикасының азаматтары меншік нысаны мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, Конкурс талаптарына сәйкес келген жағдайда қатыса алады.

2026–2027 оқу жылына Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу 2026 жылғы 25 шілдеден 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Электрондық өтінімді көрсетілген мерзімде grant.kazenergy.com сайтында толтыру қажет.

Қажетті құжаттардың тізімі және Конкурс шарттары туралы толық ақпарат KAZENERGY қауымдастығының ресми сайтында орналастырылған.

Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша:
Тел.: +7 (7172) 79-49-75
E-mail: candidate@kazenergy.com
Astana IT University