
Қос диплом бағдарламасы
Қос диплом бағдарламасы студенттерге екі диплом алуға мүмкіндік береді: бірі Astana IT University университетінен, екіншісі шетелдік серіктес университеттен.
Қос диплом бағдарламасы бойынша оқу деген не?

Double Degree бағдарламасы студенттерге екі диплом алуға мүмкіндік береді: бірі Astana IT University-ден, екіншісі — шетелдік серіктес университеттен.
- Екі білім беру жүйесінің стандарттары бойынша оқу
- Екі елде білім алу мүмкіндігі
- Оқу аяқталғаннан кейін екі диплом алу
Double Degree бағдарламасы студенттерге жан-жақты академиялық тәжірибе алуға, сондай-ақ халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бірегей мүмкіндік береді.
Қос диплом бағдарламасының артықшылықтары
Оқуды аяқтағаннан кейін сіз келесі артықшылықтарға ие боласыз:
Біздің серіктес университеттеріміз
Кассино және Оңтүстік Лацио университеті
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 24 сәуір

Қос диплом бағдарламасы студенттерге төмендегідей дәреже алуға мүмкіндік береді:
AITU-дың «6B06202 Smart Technology» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр дәрежесі
UNICAS университетінің Computer and Telecommunication Engineering бағыты бойынша бакалавр дәрежесі
Құжаттарға қойылатын талаптар мен шарттар
Бағдарламаға кім қатыса алады?
- Тек «6B06202 Smart Technology» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері;
- Қатысу шарттары мен оқу ұзақтығы: кемінде бір академиялық жыл оқу (3 триместр);
Студент қандай шығындарды өзі өтейді?
1. Тұруға байланысты жеке шығындар (тамақтануды қоса алғанда), виза, сақтандыру және барып-қайту жол шығындары;
2. Оқуға қабылдану кезінде студент UNICAS университетіне 1000 еуро көлемінде салықтық алым төлеуі тиіс (қайтарылмайтын сома);
3. Қорытынды дипломды рәсімдеу және өңірлік салық бойынша шағын міндетті төлемдер.
Double Degree бағдарламасына қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
- Транскрипт
- Резюме / CV
- Мотивациялық хат
- Ағылшын тілі деңгейі B2-ден төмен болмауы тиіс
Бір университетте дәрежені қорғау екі университеттің де дипломын алуды білдіреді.
Лоуренс технологиялық университеті
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 24 сәуір

Қос диплом бағдарламасы студенттерге төмендегідей дәреже алуға мүмкіндік береді:
AITU-дың «7M06103 Applied Data Analytics» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі + LTU-дың Master of Science in Business Data Analytics дәрежесі
AITU-дың «7M06103 Applied Data Analytics» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі + LTU-дың Master of Science in Computer Science дәрежесі

AITU-дың «7M06108 Applied Artificial Intelligence» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі + LTU-дың Master of Science in Business Data Analytics дәрежесі
AITU-дың «7M06106 Secure Software Engineering» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі
+
1) LTU-дың Master of Science in Computer Science дәрежесі;
2) LTU-дың Master of Science in Information Technology дәрежесі;
3) LTU-дың Master of Science in Artificial Intelligence дәрежесі.
Құжаттарға қойылатын талаптар мен шарттар
Тек төмендегі білім беру бағдарламаларында оқитын 1-курс магистранттары:
- «7M06103 Applied Data Analytics»;
- «7M06108 Applied Artificial Intelligence»;
- «7M06106 Secure Software Engineering».
Студент қандай шығындарды өзі өтейді?
Тұруға байланысты жеке шығындар (тамақтануды қоса алғанда) — бір оқу жылына шамамен 12 000$, виза шығындары (виза алу үшін 12 000$ көлемінде жинақтың бар екенін растау қажет), сақтандыру және барып-қайту жол шығындары;
Бағдарламаға қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
- Транскрипт
- Резюме / CV
- Мотивациялық хат
- Ағылшын тілі: ауызша және жазбаша ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау (TOEFL iBT 90 / IELTS 6.5 / Duolingo тесті бойынша 105 балл)
Студенттер бір магистрлік диссертация дайындайды және оны екі университетте де қорғайды.
Дортмунд қолданбалы ғылымдар және өнер университеті (FHDO)

Қос диплом бағдарламасы студенттерге төмендегідей дәреже алуға мүмкіндік береді:
AITU-дың «7M06105 Computer Science & Engineering» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі
+ FHDO-ның Master Digital Transformation дәрежесі
AITU-дың «7M06103 Applied Data Analytics» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі
+ FHDO-ның Master Digital Transformation дәрежесі
Құжаттарға қойылатын талаптар мен шарттар
Бағдарламаға кім қатыса алады?
- Тек төмендегі білім беру бағдарламаларында оқитын 1-курс магистранттары:
- «7M06105 Computer Science & Engineering»;
- «7M06103 Applied Data Analytics»;
- Computer science, software engineering, business informatics немесе соған ұқсас бағыт бойынша бакалавр дәрежесі бар студенттер;
Студент қандай шығындарды өзі өтейді?
Тұруға байланысты жеке шығындар (тамақтануды қоса алғанда), виза шығындары, сақтандыру және барып-қайту жол шығындары;
Double Degree бағдарламасына қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
- Транскрипт
- Резюме / CV
- Мотивациялық хат
- Ағылшын тілі: ауызша және жазбаша ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау (IELTS 6.5 немесе баламасы)
Студенттер бір магистрлік диссертация дайындайды, ол екі университетте де бөлек ұсынылып, қорғалады.
Байланыс ақпараты

E-mail: Alina.Biksitova@astanait.edu.kz
Байланыс нөмірі: 8 (717) 2 645 708
Astana IT University
Мәңгілік Ел даңғылы, С1. EXPO павильоны.
Біздің ресми Telegram арнамызға қосылыңыз: AITU International Cooperation