Astana IT University
Меню

Навигация

1-курс магистранттары үшін Lawrence Technological University (АҚШ) университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады

1-курс магистранттары үшін қос диплом бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады:

Lawrence Technological University (АҚШ): бағдарлама келесі бағыттар бойынша ұсынылады:
• Applied Data Analytics
• Applied Artificial Intelligence
• Secure Software Engineering

Квота саны: 20
Оқу кезеңі: 2026–2027 оқу жылы

Құжат тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 24 сәуір

Оқу ақысы алынбайды. Тұруға арналған жеке шығындар (тамақтануды қоса алғанда) — бір оқу жылына шамамен 12 000 $, виза шығындары (виза алу үшін 12 000 $ көлемінде жинақтың болуы), сақтандыру және барып-қайту жол шығындары.

** Пәндерді таңдау үшін өзіңіздің Білім беру бағдарламасы мектебіне жүгініп, шетелдік серіктес университетте оқуға сәйкес келетін пәндерді таңдауыңыз қажет. Қол қойылған жеке оқу жоспары (ISP) Халықаралық ынтымақтастық департаментіне, C1.2.370 кабинетіне тапсырылуы тиіс.

Өтінім беру үшін бейненұсқаулықпен (тіркелген) танысып, жеке мәліметтеріңізді толтырып, қажетті құжаттарды жүктеңіз.
· ресми транскрипт;
· Resume/CV;
· мотивациялық хат;
· жарамды тіл сертификаты (TOEFL бойынша 79 / IELTS бойынша 6.0 / Duolingo English Test бойынша 105);
· медициналық анықтама (шетелге шығуға арналған) №072/У;
· паспорт көшірмесі (фотосуреті бар беті);
· ұсыным хат;
· келісілген (қол қойылған) жеке оқу жоспары (ISP)**.

Байланыс: alina.biksitova@astanait.edu.kz