Astana IT University
Меню

Навигация

Smart Technology білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері үшін Италиядағы The University of Cassino and Southern Lazio университетінде Double Degree бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады!

Smart Technology білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері үшін Италиядағы The University of Cassino and Southern Lazio университетінде Double Degree бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады!

Квота саны: — 10 орын

Оқу кезеңі: — 2026–2027 оқу жылы

Құжат тапсырудың соңғы мерзімі: — 2026 жылғы 24 сәуір

Оқу ақысы төленбейді. Алайда студент тұру шығындарын (тамақтануды қоса алғанда), виза, сақтандыру және жол шығындарын өзі өтейді.

Сонымен қатар, оқуға қабылдану кезінде студент UNICAS университетіне 1000 еуро көлемінде салықтық алым төлеуі қажет. Бұл сома қайтарылмайды. Бұдан бөлек, дипломды рәсімдеу және өңірлік салық бойынша міндетті шағын төлемдер қарастырылған.

Толық ақпарат LMS платформасында жарияланған.