Astana IT University
Меню

Навигация

Micro-qualification Educational Program “PYTHON DEVELOPER”

Micro-qualification Educational Program “PYTHON DEVELOPER”

Білім беру бағдарламасының паспорты

Білім беру саласы: 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Даярлау бағыты: 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Білім беру бағдарламаларының тобы: B057 Ақпараттық технологиялар
Даярлау бағыты бойынша лицензия нөмірі: KZ67LAA00019559
Кредит көлемі: 9
Тіркеу нөмірі: MCCE-2022/0001
Тіркелген күні: 10.07.2022 ж.
Оқыту тілдері: орыс, ағылшын
Серіктес ұйым: «Инфокоммуникациялық технологиялар академиясы» дирекциясы — «Қазақтелеком» АҚ филиалы

Микробіліктілік білім беру бағдарламасының қысқаша сипаттамасы

Білім беру бағдарламасының негізгі бағыты:
Деректерді талдауда кеңінен қолданылатын заманауи бағдарламалау тілдерінің бірі — Python бағдарламалау тілінде бағдарламалау дағдыларын меңгеру. Python және оның кітапханалары әмбебап құрал болып табылады және ақпаратты автоматты түрде жинау мен құжаттарды толтырудан бастап деректерді талдауға дейінгі көптеген қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Микробіліктілік білім беру бағдарламасының мақсаты:
Python бағдарламалау тілінде бағдарламалау дағдыларын дамыту, Jupyter интерактивті ортасында деректерді жинау, өңдеу және талдау туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ деректермен жұмыс істеудің автоматтандырылған әдістері — машиналық оқыту мен нейрондық желілерге кіріспе жасау.

Микробіліктілік білім беру бағдарламасының міндеттері:
− Python тілін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің заманауи тұжырымдамаларын толық көрсететін мультипарадигмалық бағдарламалау тілі ретінде меңгеру;
− Python тілінде қосымшалар әзірлеу дағдыларын қалыптастыру;
− объектіге бағытталған және функционалдық бағдарламалау дағдыларын жетілдіру және тереңдету;
− дерекқорлармен өзара әрекеттесуге арналған қосымшаларды әзірлеу негіздерімен танысу.

Қалыптастырылатын оқыту нәтижелері

ОН 1. Python тілінде әзірленген жеке модульдер мен кітапханаларды құру дағдыларын меңгеру.
ОН 2. басқа әзірлеушілердің кодын түсіну және оны өз міндеттеріне бейімдеу.
ОН 3. жұмыс міндеттерінде Jupyter Notebook бағдарламалау ортасын пайдалану.
ОН 4. функциялар арқылы деректермен жұмыс істеудегі қайталанатын міндеттерді автоматтандыру.
ОН 5. деректерді бастапқы зерттеу үшін pandas кітапханасын пайдалану.
ОН 6. Python тілінде олардың мақсаты мен міндеттерін ескере отырып графиктер құру.
ОН 7. A/B тест деректерін талдау, олардың қорытындыларын шығару және үлкен деректер массивтерін өңдеу.
ОН 8. предиктивті модельдер құру.

Пәндер туралы мәліметтер

Пән атауыПәннің қысқаша сипаттамасыКредиттер саныАкадемиялық сағаттар саныҚалыптастырылатын құзыреттер (кодтары)
1
Python тілінде бағдарламалау негіздері
Курс Python тілінде объектіге бағытталған бағдарламалауды зерделеуге арналған. Білім алушылар объектіге бағытталған бағдарламалау қағидаттарын, Python тілінің қосымша элементтерін (кластар, объектілер, шаблондар және т.б.) меңгереді, объектіге бағытталған бағдарламалаудың негізгі ұғымдарымен (полиморфизм, инкапсуляция, мұрагерлік, конструктор және т.б.) танысады, сондай-ақ бағдарламалауда кодты қайта пайдалану қағидатын түсінеді.
4
120
ПК1, ПК2, ПК3, ПК6
2
Python тілінде деректерді өңдеу және талдау
Пән білім алушыларды Python тілінің заманауи графикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, деректерді тазалауға, жинауға және нәтижелерді тиімді коммуникация үшін ұсынуға үйретуге бағытталған. Осы пән аясында Python тілі синтаксисінің негіздері, стандартты кітапхана, сондай-ақ деректерді басқару және визуализациялаудың кеңінен қолданылатын құралдары қарастырылады. Бұл құралдар нақты деректерге негізделген мысалдарда қолданылады.
4
120
ПК2, ПК4, ПК5, ПК6
3