Astana IT University
Меню

Навигация

.

Astana IT University Sunway University-мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Astana IT University Sunway University-мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Astana IT University білім беру сапасының жоғары деңгейімен, халықаралық ынтымақтастығымен және тұрақты даму қағидаттарына адалдығымен танымал Малайзияның жетекші жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі – Sunway University өкілдерімен кездесу өткізді.

Сапар аясында Astana IT University-ге Sunway University президенті және вице-канцлері Prof. Sibrandes Poppema, сондай-ақ интернационалдандыру, жаһандық өзара іс-қимыл және академиялық ұтқырлық жөніндегі директор Mr. Marcel Bandur келді.

Sunway University Jeffrey Cheah Foundation қоры басқаратын Sunway Education Group құрамына кіреді және QS World University Rankings 2026 рейтингінде 410-орынға ие. Сонымен қатар, университет ғылыми зерттеулер, интернационалдандыру және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы салаларындағы жетістіктерінің арқасында өткен жылмен салыстырғанда 120-дан астам орынға көтеріліп, ең қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі ретінде танылды.

Кездесу барысында тараптар академиялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен білім беру бастамаларын дамыту перспективаларын талқылады. Қазіргі уақытта Astana IT University «Цифрлық журналистика» және «Цифрлық медиа технологиялары» бағыттары бойынша Sunway University-мен бірлескен қос диплом бағдарламасын іске қосу мүмкіндігін қарастыруда.

Мұндай жобаларды жүзеге асыру студенттерге халықаралық білім беру тәжірибесін алуға, академиялық және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан мен Малайзия арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Astana IT University