Bank CenterCredit donated 70 copies of the book "Eleñ-Alañ" to the Astana IT University Library
Astana IT University кітапхана қоры көрнекті қазақ жазушысы әрі мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Елең-Алаң» кітабының 70 данасымен толықты. Аталған басылымдарды университетке Bank CenterCredit сыйға тартты.
Кітаптарды Bank CenterCredit өкілдері, делегация жетекшісі Боранбай Ақжол Аманжолұлының бастауымен, университетке арнайы келіп, Ғылыми кітапхана қорына табыстады.
«Елең-Алаң» — қазақ халқының тарихындағы маңызды кезеңдерді, мемлекеттілік, ұлттық бірлік, рухани құндылықтар және Отанға деген сүйіспеншілік тақырыптарын арқау еткен тарихи роман. Бұл шығарма жастардың бойында патриоттық сезімді, тарихқа және Қазақстанның мәдени мұрасына деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.
Кітаптарды тарту ету Bank CenterCredit-тің кітап оқуды қолдау, ұлттық әдеби мұраны сақтау және жастар арасында мәдениетті дамытуға бағытталған бастамасының бір бөлігі болды.
Bank CenterCredit банкіне және Боранбай Ақжол Аманжолұлына Astana IT University кітапхана қорын дамытуға қосқан құнды үлесі мен бағалы сыйы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл кітаптар өз оқырмандарын тауып, студенттер үшін білім мен шабыттың маңызды көзіне айналатынына сенімдіміз.