Astana IT University
Меню

Astana IT University-де халықаралық Bayan Sulu Hackathon 2026 финалы өтті

Astana IT University-де бизнеске арналған цифрлық шешімдерді әзірлеуге бағытталған ауқымды IT-хакатон — халықаралық Bayan Sulu Hackathon 2026 финалы өтті.

Жобаның бас серіктесі әрі кейс ұсынушысы «Баян Сұлу» АҚ болды. Қатысушылар компанияның нақты міндеттерімен жұмыс істеп, MVP, мобильді қосымшалар және цифрлық өнімдер әзірледі.

Хакатонға Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен 135 команда және 400-ден астам мектеп оқушысы мен студент қатысты. Онлайн іріктеу нәтижесінде офлайн финалға ең үздік 20 команда жолдама алды.

Негізгі кейстердің бірі «Бота» балалар брендіне арналған Bayan Sulu Kids мобильді қосымшасын әзірлеу болды. Сонымен қатар командалар дистрибьюторлармен өзара әрекеттесуді цифрландыруға арналған Sweet Chain платформасын әзірлеумен айналысты.

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құрады.

Жоба бизнес өкілдерін, IT сарапшыларын және жас әзірлеушілерді біріктіретін алаңға айналып, технологиялық бастамалардың жаңа буынның цифрлық дағдыларын дамытудағы маңызын көрсетті.
Astana IT University