Astana IT University
Меню

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026-07-30

<h2><strong>Astana IT University Пәкістан Ислам Республикасының Федералдық білім беру және кәсіби даярлау министрлігімен ынтымақтастықты нығайтады</strong></h2>

Astana IT University Пәкістан Ислам Республикасының Федералдық білім беру және кәсіби даярлау министрлігімен серіктестік қатынастарды дамыту арқылы халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуде.

Ынтымақтастық шеңберінде тараптар академиялық әріптестікті дамытуға, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын қолдауға, сондай-ақ цифрлық технологиялар, инновациялар және жоғары білікті мамандар даярлау салаларында тәжірибе алмасуға ниетті.

Бұл серіктестікті дамыту Қазақстан мен Пәкістан арасындағы білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтудың маңызды қадамына айналып, бірлескен халықаралық бастамаларды жүзеге асыруға және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Astana IT University