Astana IT University
Меню

Навигация

Аружан Шоманның қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алуға кандидатурасын ұсыну туралы

Astana IT University Ғылыми кеңесінің шешімімен Аружан Шоманның кандидатурасы 21200 – Өзге де техникалық ғылымдар (21204 – Тағам технологиялары) ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алуға ұсынылды.

Аружан Шоман — PhD, «AgroTech» ғылыми-инновациялық орталығының директоры. Ол 33-тен астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін журналдарда (Q1/Q2) жарияланған мақалалар бар. Оның кандидатурасының ұсынылуы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылымды, білім беруді және зерттеулерді дамытуға қосқан елеулі үлесімен негізделеді.