Бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсын өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеуге арналған білім беру грантын тағайындау қағидаларына сәйкес және бос білім беру гранттарын ұтымды әрі әділ бөлу мақсатында 2026–2027 оқу жылына арналған бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсы жарияланады.
1-кесте. Жоғары білім (бакалавриат) алуға ақы төлеуге арналған бос білім беру гранттары
1-кесте. Жоғары білім (бакалавриат) алуға ақы төлеуге арналған бос білім беру гранттары
| № | Білім беру бағдарламаларының тобы | Бос гранттар саны | Оқу курсы | Қабылданған жылы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | B057 – Ақпараттық технологиялар | 50 5 (Колледжден кейінгі қысқартылған оқу бағдарламасы)
3 | 2 3 2 | 2025 жылғы қабылдау 2024 жылғы қабылдау 2025 жылғы қабылдау |
| 2 | B058 – Ақпараттық қауіпсіздік | 23 3 | 2 3 | 2025 жылғы қабылдау 2024 жылғы қабылдау |
| 3 | B059 – Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар | 9 | 2 | 2025 жылғы қабылдау |
| 4 | B063 – Электротехника және автоматтандыру | 14 3 | 2 3 | 2025 жылғы қабылдау 2024 жылғы қабылдау |
2-кесте. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімге (магистратура) ақы төлеуге арналған бос білім беру гранттары
| № | Білім беру бағдарламаларының тобы | Бос гранттар саны | Оқу курсы | Қабылданған жылы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | M094 – Ақпараттық технологиялар | 29 | 2 | 2025 жылғы қабылдау |
| 2 | М072-Менеджмент | 6 | 2 | 2025 жылғы қабылдау |
Өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 25 шілдеге дейін жүзеге асырылады.
Құжаттар тиісті білім беру бағдарламалары мектебіне жеке тапсырылады.
Белгіленген мерзімнен кейін немесе толық емес құжаттар топтамасымен ұсынылған өтініштер конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатыстырылмайды:
• емтихан сессиясының қорытындысы бойынша академиялық берешегі бар білім алушылар;
• басқа мемлекеттің азаматтығы бар білім алушылар;
• конкурс өткізу кезеңінде ауыстырылған немесе қайта қабылданған білім алушылар (тиісті білім беру бағдарламасы бойынша бос грант болған жағдайды қоспағанда);
• ҰБТ/КТ сертификаты жоқ шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстырылған немесе қайта қабылданған білім алушылар.
Басқа жоғары оқу орындарынан ақылы негізде ауысқан білім алушылар академиялық айырмашылығы болмаған жағдайда жоғары білім алу барысында босаған білім беру гранттарына конкурсқа қатыса алады.
Маңызды!
GPA орташа үлгерім көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, оқу кезеңі бойы тек А, А– («өте жақсы») бағалары бар білім алушыларға басымдық беріледі. Келесі кезекте А, А– («өте жақсы») мен B+, B, B–, C+ («жақсы») бағалары бар білім алушыларға, одан кейін аралас бағалары бар білім алушыларға басымдық беріледі.