
«AITUSA» студенттік үкіметі
Студенттік үкімет
Миссия

Студенттік үкімет қызметінің негізгі мақсаты — Университет білім алушыларының белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың дербестігін, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту қабілеттерін дамытуға ықпал ету, сондай-ақ қоғам өміріне құзыретті әрі жауапты қатысуға даярлау.
Көзқарас

«AITUSA» студенттік өмірдің тиімді ұйымына айналуды, университет брендин дамытуға үлес қосуды және жетекші университеттердің студенттік ұйымдарымен қатар тиімді бәсекелесуді мақсат етеді.
Негізгі қағидаттар мен функциялар
2. AITU-дағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға және басқаруға қатысу;
3. AITU мамандарын даярлау сапасын қамтамасыз ету және бақылау жүйесіне қатысу;
4. Алқалы органдарда, іс-шараларда, жарыстарда және т.б. білім алушылардың мүдделерін білдіру және қорғау;
5. Өздерінің әлеуметтік маңызы бар жобаларын әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ студенттік бастамаларды қолдау;
6. Студенттік ортада тәртіпті қолдау, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
7. Белсенді білім алушылардың тізімдерін ұсыну және AITU тұрғын үй орындарын бөлуге қатысу арқылы ең белсенді студенттерді ынталандыру үдерісіне қатысу;
8. Білім алушылардың қабілеттерін ашу және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға қатысу (байқаулар, форумдар, жарыстар және т.б. өткізу);
9. Студенттердің мәселелерін талдау, олардың шешу жолдары мен даму перспективаларын айқындау.
Ұйымдастырушылық құрылым




1. Президент;
2. Ғылыми-академиялық қызмет жөніндегі вице-президент;
3. Әлеуметтік-мәдени қызмет жөніндегі вице-президент;
4. Академиялық қызмет комитеті;
5. Ғылыми-инновациялық қызмет комитеті (ҒИҚК);
6. IT комитеті;
7. БАҚ комитеті;
8. Сыртқы байланыстар комитеті;
9. Мәдени-бұқаралық қызмет комитеті.