Astana IT University
Меню

Навигация

Astana IT University-де Safe and Healthy Week өтеді


21–25 қыркүйек аралығында Astana IT University-де Safe and Healthy Week — студенттер мен қызметкерлердің денсаулығына, қауіпсіздігіне және әл-ауқатына арналған іс-шаралар апталығы өтеді. Бағдарламада мамандардың консультациялары, дәрістер, тренингтер, қан тапсыру акциясы және спорттық жарыстар бар.

Апта бойы 08:00-ден 16:00-ге дейін EXPO автотұрағында қызметкерлер мен білім алушылар флюорографиялық тексеруден өте алады.

21 қыркүйек — аптаның ашылуы. Сағат 14:00-де Open Space алаңында Safe and Healthy Week апталығының ашылуы өтеді. Сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін сол жерде жедел консультациялар ұсынатын «Қолдау кеңістігі» жұмыс істейді. Күн бағдарламасы сондай-ақ кибералаяқтықтың, дропперліктің және лудоманияның алдын алуға арналған.

22 қыркүйек — аурулардың алдын алу және салауатты өмір салты күні. Сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін C1.1.155 аудиториясында Астана қаласының ҒӨОҚ-мен бірлескен қан тапсыру акциясы өтеді. Сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін Open Space алаңында бейінді мамандардың тексерулері және AITUSA студенттік үкіметінің салауатты өмір салтына арналған интерактивті іс-шаралары жоспарланған. Сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін нейрографика бойынша тренинг өтеді.

23 қыркүйек — отбасылық құндылықтар және діни экстремизмнің алдын алу күні. Open Space алаңында «Жастар арасында діни экстремизмге қарсы иммунитетті қалыптастыру» (14:00–14:30) және «Отбасылық құндылықтарды нығайту» (14:30–15:00) дәрістері, одан кейін «Отбасылық құндылықтар» тренингі (15:00–16:00) өтеді. Сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін №13 Студенттер үйінде «Отбасы студенттің бейімделу факторы және психологиялық ресурсы ретінде» тренингі ұйымдастырылады.

24 қыркүйек — тәуелділіктердің алдын алу, құқықтық және қаржылық сауаттылық күні. Open Space алаңында нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл (14:00–14:30), сондай-ақ заманауи алаяқтық схемалары (14:30–15:00) туралы дәрістер өтеді. Сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін Atameken Space алаңында метафоралық ассоциативті карталармен арт-терапия өтеді.

25 қыркүйек — дене және зияткерлік белсенділік күні. Сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін Open Space алаңында қазақ күресі, үстел теннисі, армрестлинг және шахмат бойынша жарыстар өтеді.
Astana IT University