«Цифрлық мемлекеттік басқару» бағдарламасы бойынша Ректор гранты
Astana IT University-дің «Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасына түсуші талапкерлерге арналған конкурс. Конкурсқа қатысу тегін.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 20 тамызға дейін
Нәтижелерді жариялау күні: 23 тамыз
Оқуға қабылдау күні: 25 тамыз
Нәтижелерді жариялау күні: 23 тамыз
Оқуға қабылдау күні: 25 тамыз
Astana IT University Ректорының «Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша грантын тағайындау конкурсы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.1 Astana IT University Ректорының грантын беру конкурсы «Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасына оқуға түсетін талапкерлер арасында өткізіледі.
1.2 Конкурстың мақсаты – жоғары академиялық әлеуеті, көшбасшылық қасиеттері және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауға қызығушылығы бар дарынды, бастамашыл және ынталы мектеп түлектерін анықтау және қолдау.
1.3 Ректор гранты қатысушылардың академиялық жетістіктерін, түсу емтихандарының нәтижелерін, жеке жетістіктері мен шығармашылық тапсырмасын кешенді бағалау нәтижелері бойынша конкурстық негізде беріледі.
1.4 Конкурсқа қатысу тегін.

2. Конкурсқа қатысушылар
2.1 Конкурсқа «Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасына оқуға түсетін және осы Ереженің талаптарын орындаған талапкерлер қатыса алады.
2.1 Конкурсқа «Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасына оқуға түсетін және осы Ереженің талаптарын орындаған талапкерлер қатыса алады.
3. Конкурстық іріктеу критерийлері
Ректор грантын беру конкурсы келесі критерийлер бойынша өткізіледі.
Ректор грантын беру конкурсы келесі критерийлер бойынша өткізіледі.
| № | Талаптары | Үлес салмағы | |
|---|---|---|---|
| 1 | 3.1 | ҰБТ нәтижелері | 25% |
| 2 | 3.2 | AET ішкі емтиханының нәтижелері | 25% |
| 3 | 3.3 | Аттестаттың орташа балы | 30% |
| 4 | 3.4 | Олимпиадалар, ғылыми конкурстар және басқа да жетістіктер | 10% |
| 5 | 3.5 | Конкурстық бейнеролик | 10% |
3.1 ҰБТ нәтижелері (25%)
Мектептен кейін - кемінде 70 балл
Колледжден кейін - кемінде 35 балл
Конкурсқа қатысушыларды рейтингтеу кезінде конкурстық балы жоғары қатысушыларға басымдық беріледі.
Колледжден кейін - кемінде 35 балл
Конкурсқа қатысушыларды рейтингтеу кезінде конкурстық балы жоғары қатысушыларға басымдық беріледі.
3.2. AET ішкі емтиханының нәтижелері (25%)
Талапкер Astana IT University ішкі емтиханын сәтті тапсырып, белгіленген өту балынан кем емес балл жинауы тиіс.
Ең төменгі өту балы:
English — 30 балл;
Computer Science & Logic — 25 балл.
Жоғары балл жинаған қатысушыларға басымдық беріледі. Емтихан нәтижесі неғұрлым жоғары болса, осы критерий бойынша балл соғұрлым жоғары болады.
3.3 Аттестаттың орташа балы (30%)
Ректор грантын беру конкурсында жалпы орта білім туралы құжаттың – аттестаттың орташа балы бағаланады.
Орташа балы ең жоғары қатысушыларға басымдық беріледі.
3.4 Олимпиадалар, ғылыми конкурстар және басқа да жетістіктер (10%)
Қосымша балдар келесі олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне беріледі:
халықаралық олимпиадалар мен конкурстар;
республикалық олимпиадалар мен конкурстар;
облыстық олимпиадалар мен конкурстар;
ғылыми конкурстар;
зерттеу жобаларының конкурстары.
Сонымен қатар IT, экономика, мемлекеттік басқару, әлеуметтік жобалар, пікірсайыстар, көшбасшылық және жастар бастамалары салаларындағы расталған жетістіктер ескерілуі мүмкін.
Барлық жетістіктер ресми дипломдармен, сертификаттармен немесе өзге де ресми құжаттармен расталуы тиіс.

3.5 Конкурстық бейнеролик (10%)
Тақырыбы: «Болашақ мемлекеті: менің цифрлық идеям»
Ұраны: Болашақ мемлекетін күтпе. Оның қандай болуы керектігін ұсын.
Бейнероликте қатысушы цифрлық технологиялардың көмегімен азамат пен мемлекеттің өзара іс-қимылын қарапайым, жылдам әрі ыңғайлы ете алатын бір идеяны ұсынуы қажет.
Бейнероликтің негізгі сұрағы:
«Егер технологиялардың көмегімен мемлекеттің жұмысындағы бір нәрсені өзгерту мүмкіндігің болса — нені өзгертер едің?»
Бейнероликке қойылатын талаптар:
ұзақтығы 60–90 секунд;
бейне мен дыбыстың жақсы сапасы;
бірегей авторлық контент;
материалды ұсынудың шығармашылық әрі заманауи форматы;
академиялық этика және авторлық құқық нормаларын сақтау;
#AstanaITUniversity хэштегін міндетті түрде пайдалану
Бейнероликті бағалау критерийлері:
көтерілген мәселенің өзектілігі;
идеяның бірегейлігі;
креативтілік;
дәйектілік;
визуалды безендіру мен монтаждың сапасы;
белгіленген талаптарға сәйкестік.
Кәсіби бейнетүсірілім мен күрделі монтаж артықшылық болып саналмайды. Ең алдымен идея, ойлау қабілеті және қатысушының шешім ұсына білуі бағаланады.
4. Жеңімпаздарды анықтау
4.1 Ең жоғары қорытынды рейтинг жинаған қатысушылар жеңімпаздар деп танылады.
4.2 Қорытынды балдар тең болған жағдайда қатысушыларға келесі тәртіппен басымдық беріледі:
1. аттестаттың неғұрлым жоғары орташа балы;
2. AET бойынша неғұрлым жоғары нәтиже;
3. ҰБТ бойынша неғұрлым жоғары нәтиже.
4.3 Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және түпкілікті болып табылады.

5. Конкурс қорытындылары
5.1 Конкурс нәтижелері қатысушылардың назарына жеткізіледі және Astana IT University-дің ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылады.
5.2 Конкурс жеңімпаздарына Университет белгілеген шарттарға сәйкес «Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша оқу үшін Astana IT University Ректорының гранты беріледі.