Astana IT University
Меню

Навигация

Astana IT University Ректорының «Digital Jurisprudence» білім беру бағдарламасы бойынша грантын беру конкурсы

Astana IT University Ректорының «Digital Jurisprudence» білім беру бағдарламасы бойынша грантын беру конкурсы

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 20 тамызға дейін

Нәтижелерді жариялау күні: 23 тамыз

Оқуға қабылдау күні: 25 тамыз
 

Astana IT University ректорының «Digital Jurisprudence» білім беру бағдарламасы бойынша грантын беру конкурсы туралы ереже

1. Жалпы ережелер


1.1 Ректор грантын беру конкурсы Astana IT University-дің «Цифрлық юриспруденция» білім беру бағдарламасына түсетін талапкерлер арасында өткізіледі.

1.2 Конкурстың мақсаты – жоғары академиялық әлеуетін, жетістіктерін және цифрлық құқықты дамытуға қызығушылығын көрсеткен дарынды, бастамашыл және ынталы мектеп түлектерін қолдау.

1.3 Конкурс жеңімпаздары конкурстық комиссия қалыптастырған қорытынды рейтинг негізінде анықталады.

1.4 Конкурсқа қатысу тегін.
2. Конкурсқа қатысушылар
2.1 Конкурсқа осы Ереженің талаптарын орындаған, «Цифрлық юриспруденция» білім беру бағдарламасына түсетін талапкерлер қатыса алады.
3. Критерии конкурсного отбора
Ректор грантын беру конкурсы келесі критерийлер бойынша өткізіледі.
Критерий
Үлес салмағы
1
3.1
ҰБТ нәтижелері
25%
2
3.2
AET ішкі емтиханы
25%
3
3.3
Аттестаттың орташа балы
30%
4
3.4
Олимпиадалар мен ғылыми жетістіктер
10%
5
3.5
Конкурстық бейнеролик
10%
3.1 ҰБТ нәтижелері (25%)
Мектептен кейін - кемінде 75 балл
Колледжден кейін - кемінде 35 балл

Конкурсқа қатысушыларды рейтингтеу кезінде конкурстық балы жоғары қатысушыларға басымдық беріледі.
3.2. AET ішкі емтиханының нәтижелері (25%)

Талапкер Astana IT University ішкі емтиханын сәтті тапсырып, белгіленген өту балынан кем емес балл жинауы тиіс.
Ең төменгі өту балы:
English — 30 балл;
Computer Science & Logic — 25 балл.
Жоғары балл жинаған қатысушыларға басымдық беріледі. Емтихан нәтижесі неғұрлым жоғары болса, осы критерий бойынша балл соғұрлым жоғары болады.
3.3 Аттестаттың орташа балы (30%)

Ректор грантын беру конкурсында жалпы орта білім туралы құжаттың – аттестаттың орташа балы бағаланады.

Орташа балы ең жоғары қатысушыларға басымдық беріледі.
3.4 Олимпиадалар, ғылыми конкурстар және басқа да жетістіктер (10%)
Қосымша ұпайлар келесі іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне беріледі:
халықаралық олимпиадалардың;
республикалық олимпиадалардың;
облыстық олимпиадалардың;
ғылыми конкурстардың;
зерттеу жобалары конкурстарының;
дебат, бағдарламалау, киберқауіпсіздік, құқық және LegalTech бойынша жарыстардың.

Барлық жетістіктер ресми дипломдармен, сертификаттармен немесе өзге де ресми құжаттармен расталуы тиіс.
3.5 Бейнероликтер байқауы (10%)
Тақырыбы: «Болашақтың цифрлық заңгері бейнесін жаса»

Бейнероликте мамандық таңдауыңызды негіздеп, 10–20 жылдан кейін заңгердің қандай болатыны және төмендегі технологиялар мен құбылыстардың заңгер мамандығына қалай әсер ететіні туралы өз көзқарасыңызды ұсыну қажет:
жасанды интеллект;
цифрлық дәлелдемелер;
киберқылмыс;
LegalTech;
блокчейн;
смарт-келісімшарттар;
цифрлық мемлекет және т.б.

Бейнероликке қойылатын талаптар:

ұзақтығы — 60–90 секунд;
бейне мен дыбыстың сапасы жоғары болуы;
авторлық бірегей контент;
ақпаратты шығармашылық әрі заманауи форматта ұсыну;
академиялық әдеп және авторлық құқық нормаларын сақтау;
#AstanaITUniversity хэштегін міндетті түрде пайдалану.

Бейнероликті бағалау критерийлері:

тақырыпқа сәйкестігі;
идеяның бірегейлігі;
креативтілігі;
дәлелділігі;
визуалды безендіру мен монтаж сапасы;
белгіленген талаптарға сәйкестігі.
4. Жеңімпаздарды анықтау

4.1 Қорытынды рейтингте ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз деп танылады.
4.2 Қорытынды ұпайлар тең болған жағдайда қатысушыларға басымдық мынадай ретпен беріледі:
1. аттестаттың орташа балы жоғары;
2. AET нәтижесі жоғары;
3. ҰБТ нәтижесі жоғары.
4.3 Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және түпкілікті болып табылады.
5. Неліктен дәл “Digital Jurisprudence”?

Біз жай ғана болашақ заңгерлерді емес, мынадай міндеттерді орындауға дайын талапкерлерді іздейміз:

цифрлық дәлелдемелерді талдау;
жасанды интеллектпен жұмыс істеу;
дербес деректерді қорғау;
IT-компанияларға құқықтық қолдау көрсету;
киберқылмыстарды тергеу;
болашақ технологияларға арналған құқықтық шешімдер әзірлеу.

Егер сен жаңа буынның алғашқы мамандарының бірі болғың келсе, бұл конкурс дәл сен үшін.
Astana IT University