

Astana IT University және Kyungpook National University (KNU) Мемлекет басшысының Корея Республикасына сапары аясында Сеул қаласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Astana IT University және Kyungpook National University (KNU) Мемлекет басшысының Корея Республикасына сапары аясында Сеул қаласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Серіктестік аясында Applied Data Analytics білім беру бағдарламасының магистранттарына арналған қос диплом бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама деректерді талдау, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласында мамандар даярлауға бағытталған. AITU магистранттары халықаралық академиялық тәжірибе жинақтап, AITU және KNU университеттерінің дипломдарын алады.
Бағдарлама студенттердің білім алу және мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтіп, екі университет арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады.