Astana IT University
Меню

Навигация

Фото

Француз делегациясы Astana IT University-ге келді: бірлескен инновацияларға бағыт


Делегация құрамында Қазақстандағы Франция Елшілігінің ынтымақтастық және мәдени қызмет жөніндегі кеңесшісі Себастьян де Куртуа, француздық Expertise France ұйымының сарапшысы Филипп Джефре, сондай-ақ «Lumières» қорының бас хатшысы Алиби Байтурин болды. Тараптар білім, ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларға, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді дамыту мен әзірлемелерді коммерцияландыруға ерекше назар аударылды.
Қонақтар сондай-ақ Smart City, CyberTech және FabLab ғылыми орталықтарын аралап, университеттің білім беру, зерттеу және технологиялық инфрақұрылымымен танысты.
Кездесу Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты дамыту және білім, ғылым, технологиялар мен инновациялар саласындағы жаңа бірлескен жобаларды айқындау жолындағы маңызды қадам болды.
Astana IT University