Құрметті қызметкерлер, 2–3 курс студенттері және Astana IT University магистратурасының 2 курс студенттері!
2026 жылғы 21–23 қыркүйек аралығында Astana IT University-де жыл сайынғы міндетті флюорографиялық тексеру жүргізіледі.
Университеттің автотұрағында сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін жылжымалы флюорографиялық кешен жұмыс істейді.
Кімдерге флюорографиядан өтудің қажеті жоқ?
Егер сіз соңғы 6 ай ішінде, яғни 2026 жылғы сәуір айынан бастап флюорографиялық тексеруден өткен болсаңыз, қайта өту қажет емес.
Сондай-ақ 2026 жылы Astana IT University-дің Әскери кафедрасына оқуға түскен студенттер флюорографиядан өтуден босатылады.
Тегін флюорографиядан өтуге жолдаманы қалай алуға болады?
Егер сіз «Медикер» медициналық ұйымына тіркелген болсаңыз, жолдаманы университеттің медициналық пунктінен алуға болады. Тексеру тегін жүргізіледі.
Жолдамалар медициналық пунктте жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін беріледі.
Сондай-ақ тіркелген медициналық ұйымыңызда флюорографиядан тегін өте аласыз.
Тексеруден өтуді кейінге қалдырмай, флюорографиядан 2026 жылғы 23 қыркүйекке дейін өтуіңізді сұраймыз.
Денсаулығыңызды күтіңіз!