Astana IT University
Меню

Навигация

Қазақстан мен Өзбекстан үшін жасанды интеллект технологияларындағы біліктілікті арттыру

EduCATIA


EduCATIA (Қазақстан мен Өзбекстан үшін жасанды интеллект технологияларындағы біліктілікті арттыру) жобасы Erasmus+ «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (Capacity Building in Higher Education - CBHE), 3-бағыт (Strand 3) бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда (өтінім №101237936). Жоба жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын білім беру бағдарламаларына, ғылыми-зерттеу қызметіне және басқару үдерістеріне интеграциялау арқылы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы жоғары білім беру жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған.

Жобаның ұзақтығы төрт жыл (2025–2029 жж.) және ол жоғары білім беру жүйесіндегі институционалдық, білім беру және саяси деңгейдегі өзгерістерді қамтиды.

Жобаның мақсаты

Халықаралық стандарттарға сай жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлаудың тұрақты экожүйесін құру, сондай-ақ ЖИ-ді жоғары білім беру мен цифрлық экономиканы дамытудың басым бағыттарына интеграциялау.

Жобаның міндеттері

Жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректерді талдау бойынша курстарды енгізу арқылы білім беру бағдарламаларын жаңғырту;
Профессор-оқытушылар құрамының құзыреттілігін дамыту (800-ден астам оқытушыны оқыту);
ЖИ бойынша ашық білім беру ресурстарын (АБР) әзірлеу және енгізу;
Серіктес университеттерде ғылыми-білім беру инфрақұрылымын (ЖИ зертханаларын) құру;
Университеттер, өнеркәсіп және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық тетіктерін нығайту;
Студенттер мен оқытушыларға арналған тағылымдама және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру;
ЖИ-ді ұлттық білім беру саясатына интеграциялау бойынша ұсыныстар мен жол карталарын әзірлеу.

Негізгі тақырыптық бағыттар

Жасанды интеллект және машиналық оқыту (терең оқытуды, табиғи тілді өңдеуді (NLP) және компьютерлік көруді қоса алғанда);
Үлкен деректер және болжамды аналитика (Python, TensorFlow, Power BI);
ЖИ этикасы мен реттелуі (деректерді қорғау және технологияларды жауапты пайдалану);
Денсаулық сақтау және өмір туралы ғылымдардағы ЖИ (диагностика, медициналық бейнелеу, денсаулық сақтауды басқару);
Білім берудегі және цифрлық басқарудағы ЖИ.

AITU жоба тобы:

Альберт Людвиг атындағы Фрайбург университеті (Германия)
Рим Сапиенца университеті (Италия)
Igor Vitale International (Италия)
WFS Bildungs gUG (Германия)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Қазақстан)
Astana IT University (Қазақстан)
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан)
Yangi Asr университеті (Өзбекстан)
Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі.

Қазақстандық серіктестердің рөлі

ЖИ негізіндегі білім беру бағдарламаларын бейімдеу және енгізу.
Инновациялық білім беру модельдерін апробациялау.
Жоғары білім беруге ЖИ-ді интеграциялаудың ұлттық тәсілдерін қалыптастыруға үлес қосу.
Ғылыми-білім беру инфрақұрылымын дамыту.
Халықаралық ғылыми-білім беру бастамаларына қатысу.

Стратегиялық маңызы және саясатқа әсері

EduCATIA жобасы Қазақстанның «Цифрлық Қазақстан» бастамасын қоса алғанда, цифрландыру басымдықтарына сәйкес келеді және білім экономикасы үшін адами капиталды дамытуға, инновацияларды ынталандыруға, сондай-ақ білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Жоба ЖИ-ді жоғары білім берудің стратегиялық негіздеріне енгізу арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның ұлттық білім беру саясатына жүйелі әсер етеді. Ол білім беру стандарттарында, аккредитация процестерінде және оқу бағдарламаларында ЖИ құзыреттерін институционалдандыру бойынша ұсыныстар мен жол карталарын әзірлеуді қамтиды. Бұл ұлттық цифрлық стратегиялар мен еуропалық тәжірибені сәйкестендіруге, нормативтік-құқықтық базаны нығайтуға және ЖИ-ді жоғары білім беру жүйелеріне тұрақты интеграциялауды қолдауға ықпал етеді.

AITU жоба тобы:

Альтаир Ахметов
Басқарма төрағасы – Ректор, әкімшілік басшы
Альтаир Ахметов
Кундыз Мукатаева
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры – жоба үйлестірушісі
Кундыз Мукатаева
Бейбит Абдикенов
AI» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, жоба тобының мүшесі
Бейбит Абдикенов