«Astana IT University» Ғылыми кеңесі
«Astana IT University» ЖШС-нің Ғылыми кеңесі – оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, инновациялық қызмет пен әкімшілік-шаруашылық қызметті басқаратын, сондай-ақ Университеттің дамуындағы стратегиялық міндеттерді шешетін алқалы орган болып табылады.
Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты – Университетті дамыту стратегиясына және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің басым міндеттеріне сәйкес Университетті тиімді, ашық және демократиялық басқаруды қамтамасыз ету.
Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдерін, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарын, «Astana IT University» ЖШС Жарғысын, «Astana IT University» ЖШС Ғылыми кеңесі туралы ережені және Университеттің өзге де ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері:
1. Университеттің академиялық, тәрбие, ғылыми-зерттеу, инновациялық және әкімшілік-шаруашылық қызметінің өзекті мәселелері бойынша қарау, талқылау және шешім қабылдау;
2. Білім беру және ғылыми процестерге инновацияларды енгізуге жәрдемдесу;
3. Қызметтің мүдделі тараптар алдында ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;
4. Ортақ мақсаттарға жету үшін Университеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
5. Өз шешімдерінің орындалуын талдау, қол жеткізілген нәтижелерді бағалау және түзету шараларын қабылдау.
Академиялық кеңес Университет өмірінің барлық негізгі бағыттары бойынша стратегиялық шешімдер қабылдайды:
• Стратегия және құрылым: даму векторларын айқындайды, академиялық саясат, сапаны қамтамасыз ету саясаты, маркетингтік саясат және т.б. саясаттарды бекітеді, жаңа мектептер мен департаменттер құруға бастамашылық жасайды;
• Білім беру: білім беру бағдарламаларын, пәндер каталогын және академиялық күнтізбелерді бекітеді; қабылдау ережелері мен оқу жүктемесін белгілейді;
• Ғылым және кадрлар: ғылыми зерттеулерді үйлестіреді; қызметкерлерді ғылыми атақтар мен мемлекеттік наградалар беруге ұсынады; басшылықтың есептерін тыңдайды;
• Студенттік мәселелер: ректор гранттары мен атаулы стипендиялар беру туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ бос мемлекеттік гранттарға үміткерлерді ұсынады;
• Этика және аудит: Білім алушылардың ар-ождан кодексін бекітеді және ішкі және сыртқы аудиттер жүйесі арқылы жұмыс сапасын бақылайды.

Ғылыми атақтарға үміткерлерге
Ғылыми бағыттар классификаторы
Ғылыми бағыттар классификаторын бекіту туралы — «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі
Ғылыми атақтарды беру қағидалары (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор)
Ғылыми атақтарды беру қағидаларын (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) бекіту туралы — «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі

Байланыс ақпараты
Ғалым хатшы: Кушебина Гульнара Маликовна
Кабинет: C1.1.266
E-mail: Gulnara.Kushebina@astanait.edu.kz