Халықаралық ынтымақтастық

Серіктес ЖОО-лар

KU Leuven

Beijing Institute of Technology

Dortmund University of Applied Sciences and Arts

Schmalkalden University of Applied Sciences

Cracow University of Technology

Lawrence Technological University

Universitat Politecnica de Valencia

Czech University of Life Sciences

Kyungpook National University

Tallinn University of Technology

The Hong Kong Polytechnic University

Boston University Metropolitan College

Департаменттің негізгі міндеті жоғары оқу орындарымен, жақын және алыс шетелдердің ғылыми ұйымдарымен, жетекші трансұлттық компаниялармен және білім, ғылым және инновациялық қызмет саласындағы өзге де кәсіпорындармен халықаралық байланыстарды дамыту және кеңейту болып табылады.

Департаменттің функциялары

✔ Университеттің халықаралық имиджін қалыптастыру;
✔ Шарттар, жоспарлар мен бағдарламалар негізінде сыртқы ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
✔ Университеттің әлемдік білім беру жүйесіне толыққанды серіктес ретінде интеграциялануына жәрдемдесу және оның халықаралық білім беру қызметтері нарығына қатысуын қамтамасыз ету;
✔ Шетелдік білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерімен, қорлармен, шет елдердің жекелеген білім және ғылым өкілдерімен және мемлекеттік ұйымдармен байланыс орнату;
✔ Жаңа халықаралық бағдарламаларды іздеу, білім алушылар, оқытушылар және қызметкерлер үшін ақпарат тарату және консультациялар өткізу;
✔ Университет мамандықтары бойынша оқытудың және біліктілікті арттырудың түрлі нысандарына шетелдік студенттер мен оқытушыларды қабылдауды ұйымдастыру;
✔ Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын (студенттерге кеңес беру) және Erasmus+, Mevlana және т. б. халықаралық білім беру бағдарламаларын үйлестіру;
✔ Университетке студенттік алмасу бағдарламасы бойынша оқуға, тағылымдамадан өтуге немесе біліктілігін арттыруға келетін шетелдіктерді консулдық-визалық қамтамасыз ету;
✔ Шетелдік білім беру ұйымдарымен екі дипломдық бағдарламаны іске асыру процесін үйлестіру.

Академиялық ұтқырлық

Astana IT University-де оқуын үзбей, шетелдік университеттің студенті ретінде бір триместрді басқа елде өткізу мүмкіндігі.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларының міндеті — жоғары білім беруді интернационалдандыру және әртүрлі елдер жастарының мәдени интеграциясы.

Академиялық ұтқырлықтың артықшылықтарын пайдалана отырып, сіз басқа елдің мәдениеті мен білім беру жүйесімен танысуға, шет тілдерін меңгеруді жақсартуға, жаңа достар табуға және баға жетпес тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік аласыз.

Мықты шетелдік университетте оқу сіздің жоғары білім туралы дипломыңызға жақсы қосымша болады және сіздің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігіңізді арттырады.

Серіктестер біз туралы

Plovdiv University, Bulgaria

Департамент құрылымы

Салыкова Лейла Нуртлеуовна
Департамент директоры

Tel: + 7 (7172) 645708 (ішкі 2030)
Email: leila.salykova@astanait.edu.kz
Room: С1. — 2.370

Артыкбаева Айжан Ержанкызы
Менеджер

Tel: + 7 (7172) 645708 (ішкі 2031)
Email: aizhan.artykbayeva@astanait.edu.kz
Room: С1. — 2.370

Зейноллаев Адиль Кадылбекович
Менеджер

Tel: +7 (7172) 645708 (ішкі 2032)
Email: a.zeinollayev@astanait.edu.kz
Room: C1.2.370