2025 жылғы 28 қарашада Astana IT University-де «Ақылды қалаларға арналған 5G желілерін, IoT құрылғыларын және электрондық компоненттерді бағалау мен оңтайландырудың заманауи әдістері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Іс-шара Smart City ҒЗО және Киберқауіпсіздік мектебі тарапынан ПЦФ BR24992852 жобасы «Қаланың орнықты дамуын қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін Smart City цифрлық экожүйесінің интеллектуалды модельдері мен әдістерін әзірлеу» аясында ұйымдастырылды. Жобаның жетекшісі — Smart City ҒЗО директоры, PhD Едилхан Дидар.
Семинар RP-2 бағытындағы «Қала жағдайында 5G желілерінің өткізу қабілеті мен сенімділігін арттыру әдістерін зерттеу және қолдану» бойынша 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне арналды.
Негізгі зерттеу нәтижелері мен бағыттары
Семинар барысында жобалық топ келесі ғылыми жетістіктерді ұсынды:
- Smart City жүйелері үшін 5G технологияларын және мобильді сервистерді дамыту;
- fuzzy logic әдістерін қолдана отырып хэндовер процесін оңтайландыру;
- қалалық ортада жүргізілген drive-test нәтижелеріне негізделген 5G желілерінің өнімділігін бағалау;
- IoT шешімдері, денеге тағылатын антенналар және смарт-қалаға арналған электрондық компоненттер бойынша зерттеулер;
- органикалық электромагниттік жүйелер және органикалық түзеткіштердің жаңа түрлерін әзірлеу.
Зерттеу нәтижелерін Astana IT University ғалымдары, сондай-ақ индустрия мен халықаралық университеттердің шақырылған сарапшылары таныстырды.
Семинар спикерлері
- Алдашева Лаура Сабитханқызы, қауымдастырылған профессор — 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша кіріспе сөз сөйледі.
- Қабенов Олжас Қадырбекұлы, ҚР ЖИ және ЦДМТД министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары — Қазақстандағы 5G дамуының стратегиясы туралы баяндама жасады.
- Ibraheem Shayea, Ыстамбұл техникалық университетінің профессоры (Түркия) — 5G/6G желілеріндегі хэндоверді басқару мәселелері бойынша баяндама ұсынды.
- Амирова Ақжібек, PhD, ассистент-профессор — fuzzy logic негізіндегі хэндовер процесін оңтайландыру нәтижелерін ұсынды.
- Әлия Әбдіраман, Jusan Mobile өкілі — Астана қаласындағы 5G мобильді кең жолақты желілердің өнімділігін бағалау бойынша зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
- Ильясов Бауржан, PhD, қауымдастырылған профессор — органикалық электрохимиялық түзеткіштерді жобалау жөніндегі жұмысын таныстырды.
- Нұржаубаева Гүлсая, сеньор-лектор — IoT қолданбалары үшін 2.45 GHz денеге тағылатын антенна массивтерінің тиімділігін бағалау бойынша баяндамасын жасады.
- Едилхан Дидар, PhD, Smart City ҒЗО директоры — семинар қорытындысын шығарып, болашақ зерттеу бағыттарын белгіледі.
Іс-шараның маңыздылығы
Семинар зерттеушілер, индустриялық серіктестер және мемлекеттік органдар өкілдері үшін тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Талқылаулар жобаның нәтижелерін қалалық инфрақұрылымға енгізу және Smart City цифрлық сервистерін дамыту әлеуетінің жоғары екенін көрсетті.
Astana IT University барлық спикерлер мен қатысушыларға ақылды қалаларға арналған инновациялық шешімдерді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.
Семинар сала сарапшыларын, зерттеушілерді және индустрия өкілдерін біріктіріп, Smart City технологияларын енгізу перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Ақылды қалалардың цифрлық шешімдерін дамытуға үлес қосқан баршаңызға рақмет!


