«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы Қазақстанның ең талантты және креативті жастарын қолдауға бағытталған. «Ақпараттық технологиялар» секциясында қазылар алқасын Astana IT University ректоры Аскар Хикметов басқарды, онда ең батыл және инновациялық шешімдер ұсынылды.
«Осындай байқаулар біздің жастарымыздың зор әлеуетімен әрдайым таң қалдырады. Олардың идеялары тек салаларды трансформациялап қана қоймай, елдің болашағын креативті индустрия арқылы өзгертуге қабілетті. Бұл жас новаторлар бірігіп, өз жобаларымен бөлісіп, ынтымақтастық орната алатын бірегей платформаны құрудың маңыздылығын тағы бір рет көрсетеді», – деп атап өтті ректор.
Astana IT University осы бағытта қадамдар жасауда. AITU-дың Креативті Индустриялар Мектебі аясында Орталық Азияның креативті жастары үшін орталыққа айналатын жаңа цифрлық платформа әзірленуде. Бұл платформа бағдарламашыларға, дизайнерлерге, сценаристерге, суретшілерге, аниматорларға, баспагерлерге және өңірдегі басқа да таланттарға үлкен мүмкіндіктер ашады.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздердің жобаларыңыз Қазақстанның цифрлық трансформациясының драйверіне айналады деп сенеміз. Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және жаңа табыстар күтеміз!