«Big Data and Blockchain Technologies» ғылыми-инновациялық орталығы

Бүгінгі таңда білімнің барлық салаларында зерттеудің цифрлық әдістері өзекті болып табылады.  Деректердің цифрлық көрінісі үлкен деректер дәуірінің басталуын ғана емес, сонымен қатар аналогтық жүйелерде мүмкін болмаған семантикалық талдауға кең мүмкіндіктер ашады. Семантикалық талдау дегеніміз-сандық құрылғылардың функциялары интеллектуалды бола бастайды, яғни олар жаңа білім мен жаңа құндылық шығарады. Сондықтан Gartner «цифрландыру» терминін өзгерістердің мақсаты тек автоматтандыру мен компьютерлендіру аясында жасалған нәрсені жақсарту емес, тұтынушылар үшін жаңа құндылық жасау екенін атап өту үшін қолданады. Цифрландыру, үлкен деректер және жасанды интеллект – бұл «Big Data and Blockchain Technologies» ғылыми-инновациялық орталығының зерттеулеріне бағытталған үш негізгі тұжырымдама.

Миссия

Жасанды интеллект, үлкен деректер және блокчейн технологиялары саласындағы өзекті зерттеу міндеттерін шешу және инновацияларды әзірлеу үшін жоғары бәсекеге қабілетті ғылымды қажет ететін ортаны қалыптастыру.

Мақсаты

Жасанды интеллект, үлкен деректер және блокчейн-технологиялар саласында іске асырылатын ғылыми-зерттеу және инновациялық жобалардың сапасын, санын және нәтижелілігін арттыру.

«Big Data and Blockchain technologies» орталығының командасы

Команданың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуде, жасанды интеллект, үлкен деректер, табиғи тілді өңдеу, болжамды талдау саласында гранттық және шаруашылық келісімшарттық жобаларды орындауда тәжірибесі бар.

Орталықтың басшысы – Әлия Нұғыманова, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша PhD.
Email: nugumanova@astanait.edu.kz

Департамент құрылымы

Алия Нугуманова
Орталықтың басшысы "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша PhD

Email: a.nugumanova@astanait.edu.kz

Room: С1.2.331

МАНСУРОВА АЙГЕРІМ
Кіші ғылыми қызметкер

Email: a.mansurova@astanait.edu.kz

Room: С1.2.331

АЛЬЖАНОВ АЛМАС
Кіші ғылыми қызметкер

Email: 222242@astanait.edu.kz

Room: С1.2.331

Орталықтың міндеттері

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларын орындау.
  • "Жасанды интеллект, үлкен деректер және блокчейн-технологиялар" ғылыми мектебін дамыту, нығайту және кеңейту, ғылыми мектеп шеңберінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
  • Озық отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және компаниялармен ғылыми және салалық ынтымақтастықты дамыту, нығайту және кеңейту.
  • Ғылыми инфрақұрылымды дамыту, нығайту және кеңейту.
  • Экономиканың нақты секторының өзекті сұраныстарына сәйкес технологиялық инновацияларды әзірлеу.

Ағымдағы жобалар

Жоба атауы

Жыл

1

АР19677756 «Терминдерді бақылаусыз алу: жоғары технологиялық домендер мен ресурстары аз тілдерге арналған модельдер мен әліметтер жиынтығы»

2023–2025

2

AP19679514 «Мәтіндерді интеллектуалды талдауды және формальды ұғымдарды талдауды қолдана
отырып, «Блокчейн» доменінің тұжырымдамалық аппаратын зерттеу: оқыту әдістемесіне назар аудару»

2023–2025