Инновациялық инфрақұрылым

Университеттің ғылыми-техникалық кеңесі

Университеттің ғылыми-техникалық кеңесі (ҒТК) университеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті қалыптастыру және практикалық іске асыру саласындағы жоғары сараптамалық-кеңесші органы болып табылады.
ҒТК-ның негізгі мақсаты ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іс жүзінде жүзеге асыру механизмдері мен қалыптастырудың негізгі принциптерін жасау болып табылады.

ҒТК негізгі міндеттері

– кешенді ҒЗТКЖ, гранттық және инновациялық жобаларды орындау кезінде ғылыми бөлімшелердің жұмысын үйлестіру;
– университеттің ғылыми бөлімшелерінің даму перспективаларын, оларда жүргізілетін ғылыми зерттеулердің бағыттарын, олардың мамандарды даярлау бейініне және университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкестігін айқындау;
– университетте өткізілетін ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін талдау және бағалау, сондай-ақ университет бөлімшелерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін қарау;
– ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, гранттық және инновациялық жобалар туралы есептерді қарау және бағалау;
– университеттің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін көпшілікке тарату бойынша мәселелерді қарау және ұсынымдар әзірлеу, оларды коммерцияландыруға жәрдемдесу;
– университеттің ғылыми блогының құрылымдық бөлімшелерінің оқу-ғылыми-өндірістік процесті басқару мен үйлестіруді қамтамасыз ету және университетте ғылыми қызметті басқаруды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу бөлігіндегі өзара іс-қимылын талдау;
– университеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету.

Халықаралық ғылыми конференция

IEEE International Conference on Smart Information Systems and Technologies (SIST)

Маңызды күндер

Astana IT University 2023 жылғы 4-6 мамырда Астана қаласында «2023 IEEE International Conference on Smart Information Systems and Technologies (SIST)» халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді. Конференция аралас онлайн және офлайн форматта өтеді.

2023 IEEE SIST қазақстандық университет тарапынан үшінші рет өткізіліп отыр және Қазақстанның ғылыми қоғамдастығында маңызды оқиғаға айналды. Бұл конференцияға таяу және алыс шетелдерден IT саласының түрлі салаларынан бизнесмендер, ғалымдар, зерттеушілер, мамандар мен студенттер қатысады.

Мақалаларды қабылдау мерзімі: 15 желтоқсан 2022 жыл-7 ақпан 2023 жыл.

Конференция материалдары IEEE Xplore-да жарияланады және Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстеледі. 

Мақаланы жолдау үшін келесі жүйе қолданылады https://cmt3.research.microsoft.com/.

Конференция туралы толығырақ ақпарат және мақаланы рәсімдеу ережелері сайтта жарияланған: www.sist.astanait.edu.kz.

Конференцияның негізгі тақырыптық бағыттары:

  1. Технологиялар мен инженериядағы Менеджмент;
  2. Білім беру мен зерттеулердегі АТ;
  3. АТ қолданудағы жаңа тенденциялар мен технологиялар;
  4. Деректер туралы ғылым және кеңейтілген аналитика.

Ғылыми журнал

“Scientific Journal of Astana IT University”

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде 2020 жылы 20 қаңтарда №KZ200074316 тіркеліп, куәлігі берілді.
ISSN (P): 2707-9031
ISSN (E): 2707-904X

2020 ж. бастап жарияланымға шығады
Мерзімділігі: әрбір квартал сайын
Мамандануы: Ақпараттық технологиялар
Баспагері: ЖШС «Astana IT University»

Басылым тілі: ағылшын

Ғылыми басылымның бастапқы мақсаты – ғылыми қауымдастықта, соның ішінде халықаралық деңгейде ақпарат алмасуға мүмкіндік беру.

Ғылым саласы: техникалық және педагогикалық ғылымдар

Негізгі бағыттар:

  1. Ақпараттық қауіпсіздік
  2. Білім беру мен оқытудағы IТ
  3. Ақпараттық -коммуникациялық технологиялар (АКТ)
  4. Менеджмент, басқару, қаржы және экономикадағы IТ
  5. Жобаны басқару

Ғылыми-зерттеу зертханасы

FabLab

FabLab ғылыми-зерттеу зертханасы ғылыми-зерттеу процесінің материалдық-техникалық және әдістемелік базасы болып табылады және оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қолданыстағы мемлекеттік білім беру стандарттарына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына толық сәйкес қолдануда, сондай-ақ консультациялық және техникалық жұмысқа арналған мамандандырылған аудиторияны білдіреді.

FabLab зертханасының негізгі міндеттері

  • Оқу процесін, бірлескен әзірлемелерді қажетті көрнекі құралдармен, заманауи жабдықтармен, зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу жөніндегі нұсқаулықтармен, стандартты, үлестірме материалдармен, кестелермен, техникалық құралдармен және т. б. қамтамасыз ету.;
  • Заттар интернеті (IoT), жасанды интеллект алгоритмдерін, қолданбалы робототехниканы, 3D-модельдеуді және 3D-басып шығаруды және 4.0 индустриясының басқа да бағыттары бойынша іргелі, іздестіру және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ FabLab зертханасының бекітілген жоспарына сәйкес және электрондық құрылғылар мен әртүрлі конструкцияларды жобалау және әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • FabLab зертханасының бағыттары бойынша студенттік қоғамдастықтардың жұмысын ұйымдастыру;
  • Кәсіпорындар және бейінді компаниялар қызметкерлерімен дәрістер, конференциялар, кездесулер, әңгімелесулер ұйымдастыру;
  • Бөлінген жабдықты, техникалық құралдарды, құралдарды тиімді пайдалану;
  • FabLab зертханасы базасында мамандандырылған курстар мен тағылымдамаларды әзірлеуге және іске асыруға білікті мамандарды тарту;
  • Зертхана тақырыбы бойынша жобалық әзірлемелерді және шарттық жұмыстарды іске асыру;
  • Шарт негізінде бөлшектерді, аспаптарды, электронды және әртүрлі құрылғыларды дайындау;
  • "Space as a service"қағидаты бойынша FabLab зертханасында жұмыс орындарын ұсыну.