Astana IT University
Меню
 Astana IT University

Astana IT University

Жаһандық IT-мансаптың тұсаукесер алаңы. Ағылшын тілінде білім ал. Нақты жобаларды жүзеге асыр. Күшті кәсіби қауымдастықтың бір бөлігіне айнал.
Бакалавриат
3 жыл бойы ағылшын тілінде қарқынды білім алу.
Бірінші курстан бастап практикалық жобалар мен нақты IT-кейстер.
Жаһандық нетворкинг: халықаралық серіктестер, сертификат академиялары және индустриялық сарапшылар.
Түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары көрсеткіші.
Магистратура
Тереңдетілген мамандану және зерттеу жұмысы.
Ғылым мен практиканы ұштастыру, индустриялық серіктестермен жобалар.
Цифрлық саладағы халықаралық ынтымақтастық және кәсіби байланыстар.
Сарапшылар мен басшылардың жаңа буынын даярлау.
Докторантура
Болашақ технологияларын зерттеу.
Іргелі және қолданбалы зерттеулер, жарияланымдар және академиялық ұтқырлық.
Жаһандық ғылыми қауымдастыққа интеграция. Зерттеушілер мен салалық көшбасшыларды даярлау.
Колледж
Цифрлық мамандыққа ерте қадам.
Практикалық дағдылар және заманауи құралдармен жұмыс.
Кәсіби орта мен мансаптық мүмкіндіктерге қолжетімділік.
Құрылған білім беру траекториясы бойынша оқуды жалғастыру.


Оқуға түсу бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Талаптар, мерзімдер және білім беру бағдарламасын таңдауға көмектесеміз.

Академиялық ұтқырлық

Технологиялар әлемі шексіз — сіздің білім әлеміңіз де шексіз. Astana IT University студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелде білім алуға, халықаралық академиялық қауымдастықтың бір бөлігі болуға және кәсіби нетворкингін кеңейтуге мүмкіндік береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

18 ақпан

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Сарангуу Раднаарагча ханым Astana IT University университетіне жұмыс сапарымен келді. Ректор және университет басшылығымен өткен кездесуде тұрақты даму, цифрлық құзыреттер, жастар бастамалары және жоғары білімнің Тұрақты даму мақсаттарына (SDG) қол жеткізудегі рөлі аясындағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Университеттің халықаралық күн тәртібіне интеграцияланған және жаңа буын адам капиталын қалыптастыруға бағытталған алаң ретіндегі маңызына ерекше назар аударылды. Astana IT University-де студенттермен ашық диалог өтті. Кездесу барысында жаһандық трансформация, халықаралық серіктестік, SDG күн тәртібі және жастардың жаһандық институттар жобаларына қатысу мүмкіндіктері талқыланды. «Astana IT University студенттерінде халықаралық ұйымдармен, ғылыми желілермен және сараптамалық қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасауға нақты мүмкіндіктер бар. Бұл білім алуды халықаралық мансаптық траекторияға бастайтын кіру нүктесіне айналдырады», — деп атап өтті ректор Әлтайыр Ахметов.


28 қантар 2026

Astana IT University базасында AI Governance 500 бағдарламасы аясында көшпелі білім беру күні өтті

Astana IT University базасында AI Governance 500 бағдарламасы аясында көшпелі білім беру күні өтті

31 Желтоқсан 2025

Astana IT UniversityЗияткерлік жүйелер мектебінің директоры, профессор, PhD докторы Бауыржан Ілиясовты жас ғалымдарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Астанадан пәтер алуымен құттықтайды

Astana IT University Зияткерлік жүйелер мектебінің директоры, профессор, философия докторы (PhD) Ильясов Бауыржан Рашитұлын жас ғалымдарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қаласынан пәтер алуымен құттықтайды.

12 Желтоқсан 2025

Біздің KCA клубымыз K-Community фестиваліне қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды

5 желтоқсанда Корея Мәдениеті Орталығының жыл сайынғы іс-шарасы өтті. Онда біздің KCA клубы K-Community фестиваліне қосқан үлесі үшін және Meet Korea фестивалін жыл сайын ұйымдастырғаны үшін марапатталды. Клуб бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар бойынша презентация ұсынды: Панчак, Meet Korea, Чусок және басқа да іс-шаралар.

8 Желтоқсан 2025

Cybersecurity CTF: IT FEST-те халықаралық дағдылар шайқасы

AITU Киберқауіпсіздік департаменті дайындаған Киберқауіпсіздік CTF бөлімі биыл 600-ден астам қатысушы мен 180 команданы біріктіріп, өте қарқынды және бәсекелестік ортаны құрды. Қатысушылар Web, Reverse Engineering, PWN, криптография, криминалистика, Misc, OSINT және SCADA санаттары бойынша әртүрлі қиындықтағы тапсырмаларды шеше отырып, Jeopardy стиліндегі CTF-те жарысты.

1
2026
жек
Тіркеу
Sunday Open — жаңа асуларды алғысы келетіндерге арналған формат: даму, қауымдастық және кәсіби өсуге арналған нақты құралдар.
11
наурыз
ср
Тіркеу
Astana IT University мектеп оқушыларын FUTURE MINDS: PHYSICS – 2026 физика олимпиадасына қатысуға шақырады. Бұл — физика бойынша білімді тексеруге, олимпиаданы ағылшын тілінде тапсырып көруге және Astana IT University-ге түсуге сенімді қадам жасауға мүмкіндік.

UlysMediaJanuary 26, 2026

UlysMedia

Қазақстанда IT-маман қалай болуға болады: Astana IT University-де шын мәнінде нені оқытады
Подробнее
UlysMedia

Daniyar AkhmetovNovember 13, 2025

Finratings

AI және ағза трансплантациясынан кейінгі қабылдамауға қарсы: Astana IT University студенті болашақ медицинасына қалай үлес қосуда
Подробнее
Finratings

Venera BatalovaAugust 8, 2025

Казахстанская правда

Astana IT University «Digital Public Administration» атты жаңа білім беру бағдарламасын іске қосады — бұл заманауи мемлекеттік басқару әдістерін біріктіретін бакалавриат бағдарламасы.
Подробнее
Казахстанская правда