Astana IT University
Меню
r

Астана IT университетіндегі ғылыми-практикалық семинар: «Ақылды қалалар үшін 5G желілерін, IoT құрылғыларын және электрондық компоненттерін бағалау мен оңтайландырудың заманауи әдістері»

2025 жылдың 28 қарашасында Астана IT университетінде «Ақылды қалалар үшін 5G желілерін, IoT құрылғыларын және электрондық компоненттерін бағалау және оңтайландырудың заманауи әдістері» атты ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараны Smart City зерттеу орталығы Киберқауіпсіздік мектебімен бірлесіп, Smart City зерттеу орталығының директоры Дидар Еділханның басшылығымен BR24992852 «Қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін сандық ақылды қала экожүйесі үшін интеллектуалды модельдер мен әдістерді әзірлеу» PCF жобасының аясында ұйымдастырды.
28 қараша 2025