Astana IT University
Меню

Навигация

Astana IT University × MIT IDSS

Astana IT University × MIT IDSS

Astana IT University және MIT Institute for Data, Systems, and Society Еуразия өңірінде жасанды интеллект және деректер ғылымы саласындағы алғашқы серіктестік жобаны іске қосады

№1
MIT — технология саласы бойынша әлемдегі №1 университет (QS World University Rankings, Engineering & Technology)
2
Өзара толықтыратын трек: 12 апталық бағдарлама және басшыларға арналған 3 күндік интенсив
2026
Қазақстандағы цифрландыру және жасанды интеллект жылы
1-ші сапары
MIT IDSS негізін қалаушы және алғашқы директорының Еуразия өңірінде

MIT IDSS негізін қалаушы және алғашқы директоры профессор Munther Dahleh AI Week аясында 17–19 маусым күндері Astana IT University-де 3 күндік интенсивті жеке өзі өткізеді.

Бағдарлама мамандарға, басшыларға және шешім қабылдаушы тұлғаларға арналған екі тректі қамтиды.

Екі трек — қолданбалы дағдылардан стратегияға дейін

Екі тректе MIT IDSS оқу бағдарламасы негізінде әзірленіп, MIT оқытушылар құрамының академиялық қолдауымен жүзеге асырылады. Бұл Қазақстан мен Еуразия елдерінен қатысушыларға өңірден шықпай-ақ MIT сарапшыларынан білім алуға мүмкіндік береді.

AI and Data Science: Leveraging Responsible AI, Data and Statistics for Practical Impact

Гибридті
Формат
12 апта
Ұзақтығы
2026 жылғы 29 сәуір
Басталуы
Ағылшын
Тілі
Astana IT University оқытушыларынан менторлық қолдау
12 аптаның ішінде қатысушыларға Astana IT University оқытушылары қолдау көрсетеді: олар жеке консультациялар мен топтық сессиялар өткізіп, AI құралдарын ұйымдардың нақты кейстерінде қолдануға көмектеседі.

Кімдерге арналған: ұйымдарда шешім қабылдау және AI құралдарын енгізу үшін ЖИ, деректер ғылымы, машиналық оқыту және генеративті AI саласында қолданбалы база қажет мамандар мен басшыларға арналған.

Негізгі тақырыптар

Деректер ғылымының негіздері: деректер сапасы, міндеттерді тұжырымдау, статистикалық ойлау және себеп-салдарлық байланыстар
Машиналық оқыту: регрессия, шешім ағаштары, нейрондық желілер және нығайтумен оқыту
Генеративті AI және үлкен тілдік модельдер: бизнес пен ұйымдарда қолдану мүмкіндіктері
Жауапты AI: бейтараптық, этика, реттеу және деректерді басқару
Astana IT University оқытушыларының менторлық қолдауымен AI құралдарын ұйымның нақты кейстерінде практикалық қолдану

Fundamentals of AI for Leaders in Public and Private Sectors

Офлайн
Формат: Astana IT University кампусында
3 күн, 6 модуль
Ұзақтығы
2026 жылғы 17–19 маусым
Күндері
Ағылшын
Тілі
Буткэмпті MIT профессоры Мунтер Дале
Кімдерге арналған: терең техникалық дайындықсыз AI стратегиясын, реттеуді, этиканы және технологияларды жауапты қолдануды түсінуі маңызды мемлекеттік және жеке сектор басшыларына арналған.

3 күнде 6 модуль

AI толық өмірлік циклі: міндетті қоюдан бастап енгізуге дейін
Шешім қабылдауға арналған Data Science, машиналық оқыту және AI
Генеративті AI және агенттік AI: мүмкіндіктері мен шектеулері
Жауапты әрі этикалық AI, деректерді басқару
AI реттеуі: ЕО, АҚШ және Қытай тәсілдері — және олардың өңір үшін мәні
Қазақстан және Еуразия елдерінің кейстері негізіндегі топтық сессиялар

Munther A. Dahleh

William A. Coolidge Professor, MIT EECS

MIT IDSS негізін қалаушы және алғашқы директоры

Laboratory for Information and Decision Systems (LIDS) мүшесі

Желілік жүйелер, басқару теориясы, шешім қабылдау және жүйелік тәуекелдер саласында халықаралық деңгейде танылған зерттеуші. Ол MIT IDSS институтын 2015 жылы құрылған сәтінен бастап 2023 жылға дейін басқарды.

Research interests: networked systems, social networks and opinion dynamics, systemic risk, transportation systems and infrastructure resilience.

Серіктестік туралы — жетекшілердің пікірі

Astana IT University ректоры

Akhmetov Altair

Бұл жобаның іске қосылуы Astana IT University үшін де, бүкіл Еуразия өңірі үшін де стратегиялық қадам болып табылады. Алғаш рет деректер және AI саласындағы әлемнің жетекші академиялық институттарының…”

MIT IDSS негізін қалаушы және алғашқы директоры

Prof. Dahleh

Біз Еуразия өңіріндегі алғашқы білім беру ынтымақтастығымыздың іске қосылғанына қуаныштымыз. Astana IT University — AI және деректерді жауапты дамытуға қатысты біздің көзқарасымызды бөлісетін мықты ак…”
Astana IT University
2019 жылы Астанада құрылған технологиялық университет. AITU IT, AI, Data Science, киберқауіпсіздік және цифрлық мемлекеттік басқару салаларында мамандар даярлап, білім беруді, зерттеулерді және халықаралық серіктестіктерді дамытады.
MIT Institute for Data, Systems, and Society
Деректерді, жүйелерді және қоғамды біріктіретін MIT институты. Data Science және оған жақын салаларда зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамытады. MIT QS нұсқасы бойынша Engineering & Technology саласында әлемде №1 орын алады.