Astana IT University
Меню

Навигация

AITU Awards 2026 байқауына өтінім қабылдау ашық

AITU Awards — Astana IT University-нің жыл сайынғы сыйлығы, университеттің академиялық, қоғамдық және шығармашылық өміріне елеулі үлес қосқан студенттерді, түлектерді, сондай-ақ студенттік клубтар мен ұйымдарды марапаттауға бағытталған.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі (2025 жылғы 1 қыркүйек пен 2026 жылғы 30 сәуір аралығындағы жетістіктер есепке алынады):
• «Жылдың ең үздік әлеуметтік белсенді студенті»
• «Жылдың спортшысы»
• «Үздік түлек»
• «Жылдың волонтері»
• «Жылдың стартапы»
• «Үздік спорт клубы»
• «Жылдың үздік студент-зерттеушісі»
• «Үздік мәдени-көпшілік клуб»
• «Үздік қоғамдық клуб»
• «Үздік интеллектуалдық клуб»
• «Жыл флагманы»
• «Үздік IT person»

Қатысушылар:
Байқауға AITU-дың барлық студенттері, түлектері, студенттік клубтары мен ұйымдары қатыса алады (өткен жылдың жеңімпаздарынан басқа).

Маңызды:
– Бір немесе бірнеше номинацияға өтінім беруге болады
– Өтінім формасы тек бір рет толтырылады — жібермес бұрын мұқият тексеріңіз
– Барлық өтінімдер конкурстық комиссиямен қарастырылады

Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 сәуір – 15 мамыр (18:00-ге дейін)
Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар Ережеде көрсетілген

Жетістіктеріңіз лайықты бағаланып, университеттің басты оқиғасының бір бөлігіне айналсын!
Форманы толтырып, жеңіске бір қадам жасаңыз

Astana IT University