Оқу-әдістемелік кеңес «Astana IT University» академиялық қызметті алқалы басқару нысаны болып табылады, ол жалпы университеттің академиялық қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық бөлімшелердің оқу-әдістемелік қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады.
Бірінші проректор оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы болып табылады. ОӘК төрағасының орынбасары Академиялық қызмет департаментінің директоры болып табылады.
Академиялық кеңестің құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі.
Академиялық кеңестің құрамына Академиялық қызмет департаментінің директоры, Декан, ББ департаменттерінің директорлары, студенттік өкілдер және университеттің академиялық қызметіне тартылған өзге де құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді.