Astana IT University
Меню
Secure Software Engineering

Secure Software Engineering

7M06106 Secure Software Engineering

Aлгоритмдер және деректер құрылымы, сондай-ақ деректер базасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қолданбалы білімі және оны әзірлеудің барлық кезеңдерінде бағдарламалық кодта осалдықтарды іздеу дағдылары бар жоғары білікті кадрларды даярлау.

Маманның лауазымдарының тізімі

  • Қауіпсіз бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі (Secure Software Developer);
  • Архитектор-бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі (Architect-Software Developer);
  • Бағдарламалық жасақтама инженері (Software Engineer);

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеу, педагогикалық және тәрбие жұмыстарын жүргізуде әдіснамалық және әдістемелік білімді қолдану.
  • Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу процесінде топты басқару.
  • Бағдарламалық жүйелерді жобалау, техникалық қызмет көрсету және әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау үшін стандарттарды, әдістерді, технологияларды және техникалық құралдарды қолдану.
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесінің архитектурасын әзірлеу, жүйенің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету.
  • Күрделі бағдарламалық жүйелерді модельдеу және жобалау.
  • Ғылыми зерттеулер жүргізуге және университеттерде арнайы пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін білу.
  • Ғылыми-зерттеу қызметі барысында туындайтын, тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін міндеттерді тұжырымдау және шешу.
  • Зерттеудің қажетті тәсілдері мен әдістерін таңдау, нақты зерттеудің міндеттеріне сүйене отырып, барларын өзгерту және жаңаларын әзірлеу.
  • Оқыту процесінде оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын қолдану.
  • Мәліметтердің қауіпсіздігін тексеру, қауіпсіздік шараларын және кірістерін анықтау, жою және қауіпсіздік сапасын орындау үшін тиімді әдістерді қолдану.

Қауіпсіз бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясы — келесі кезеңдерді қамтитын үдеріс:

1. Қатерлер мен осалдықтарды талдау — Бұл кезеңде бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін ықтимал қатерлер мен осалдықтар айқындалып, бағаланады.

2. Қауіпсіз жүйелерді жобалау — Бұл кезеңде қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, бағдарламалық қамтамасыз етудің архитектурасы мен дизайны әзірленеді. Бұл қауіпсіз архитектуралық үлгілер мен қағидаттарды қолдануды, сондай-ақ қорғаныс механизмдерін енгізуді қамтиды.

3. Қауіпсіз кодты әзірлеу — Бұл кезеңде бағдарламалық қамтамасыз ету тиісті деңгейде қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін тәсілмен әзірленеді. Бұл қауіпсіз бағдарламалық әзірлеу әдіснамалары мен озық тәжірибелерін сақтауды қамтиды.

4. Осалдықтарға тестілеу жүргізу — Бұл кезеңде әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету осалдықтардың бар-жоғына тексеріледі. Ол бастапқы кодқа статикалық және динамикалық талдау жүргізуді, сондай-ақ енуге тестілеуді қамтиды.

5. Қауіпсіз енгізу (жүйеге орналастыру) — Бұл кезеңде бағдарламалық қамтамасыз ету ақпараттық инфрақұрылымға енгізіледі. Бұл инфрақұрылым мен деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ қызметкерлерді қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуды қамтиды.

Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушісінің кәсіби қызметін оңтайландыру мақсатында ұсынылып отырған білім беру бағдарламасына маманға 1–5 кезеңдерге сәйкес бағдарламалық өнімді әзірлеуге мүмкіндік беретін барлық қажетті пәндер енгізілген. Бұл қатерлер мен осалдықтарды талдаудан басталып, аталған білімді бағдарламалық қамтамасыз етудің архитектурасын жобалау кезеңінде ескеруді, қауіпсіз бағдарламалауды, дайын өнімді тестілеуді және оны жұмыс инфрақұрылымына енгізуді қамтиды.
7M061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Оқу бағдарламалары
«7M06106 Қауіпсіз бағдарлама инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Берілетін дәреже
2 жыл

Оқу мерзімі

Құжаттар

Оқу пәндері

Байланыс

Қабылдау комиссиясы

8(7172) 64-57-10 info@astanait.edu.kz

Дс-Жм 9:00 — 18:00