Welcome Day
Осы жексенбі күні Sunday Open аясында Astana IT University-де талапкерлер мен ата-аналарға арналған Welcome Day — Ашық есік күні өтеді. 19 сәуір күні сағат 11:00-де келушілер университетпен жақынырақ танысып, оқуға түсу тәртібі, білім беру бағдарламалары және студенттік өмір туралы көбірек біле алады. Қонақтар өздерін қызықтырған сұрақтарды тікелей қойып, университет өкілдерімен сөйлесіп, кампусты көріп, Astana IT University атмосферасын сезіне алады. Баршаңызды осы шараға қатысып, университетпен жақынырақ танысуға шақырамыз.