Студенттерге арналған гранттар
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу барысында босатқан білім беру гранттарына ауысуға Ғылыми кеңес ұсынған студенттер тізімі
Хабарландыру
Бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурс өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 бұйрығымен бекітілген “Бакалавр” немесе “Магистр” дәрежелерін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған білім беру гранттарын тағайындау қағидаларына сәйкес және бос білім беру гранттарын ұтымды әрі әділ бөлу мақсатында, 2025/2026 оқу жылына арналған бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсы жарияланады.
Жоғары білім алу (бакалавриат) үшін бос білім беру гранттары
| № | Білім беру бағдарламалары тобы | Бос гранттар саны | Курс | Қабылдау жылы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | B057 – Ақпараттық технологиялар | 15 45 20 | 1 2 3 | 2025 жылғы қабылдау 2024 жылғы қабылдау 2023 жылғы қабылдау |
| 2 | B058 – Ақпараттық қауіпсіздік | 10 37 6 | 1 2 3 | 2025 жылғы қабылдау 2024 жылғы қабылдау 2023 жылғы қабылдау |
| 3 | B059 – Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар | 5 12 | 1 2 | 2025 жылғы қабылдау 2024 жылғы қабылдау |
| 4 | B044 – Менеджмент және басқару | 2 | 1 | 2025 жылғы қабылдау |
| 5 | B042 – Журналистика және репортер ісі | 1 | 2 | 2024 жылғы қабылдау |
| 6 | V063 – Электротехника және автоматтандыру | 6 22 3 | 1 2 3 | 2025 жылғы қабылдау 2024 жылғы қабылдау 2023 жылғы қабылдау |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура) үшін бос білім беру гранттары
| № | Білім беру бағдарламалары тобы | Бос гранттар саны | Курс | Қабылдау жылы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | M094 – Ақпараттық технологиялар | 11 33 | 1 2 | 2025 жылғы қабылдау 2024 жылғы қабылдау |
| 2 | M072 – Менеджмент және басқару | 1 1 | 1 2 | 2025 жылғы қабылдау 2024 жылғы қабылдау |
Қажетті құжаттар тізімі
1. Белгіленген формадағы өтініш (үлгіні қараңыз).
2. Жеке куәліктің көшірмесі (немесе шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат).
Өтініште өзіңіздің білім беру бағдарламалары тобыңызды көрсетіңіз:
• B057 – Ақпараттық технологиялар (құрамына «Computer Science», «Software Engineering», «Big Data Analysis», «Media Technologies», «Mathematical and Computational Science» бағдарламалары кіреді)
• B058 – Ақпараттық қауіпсіздік (құрамына «6B06301 Cybersecurity», «6B06302 Smart Security Technologies» бағдарламалары кіреді)
• B059 – Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар (құрамына «6B06202 Smart Technologies» бағдарламасы кіреді)
• B044 – Менеджмент және басқару (құрамына «6B04101 IT Management», «6B04102 IT Entrepreneurship», «6B04103 AI Business», «6B04104 Digital Public Administration» бағдарламалары кіреді)
• B042 – Журналистика және репортер ісі («6B03201 Digital Journalism» бағдарламасы)
• M094 – Ақпараттық технологиялар (құрамына «7M06103 Applied Data Analytics», «7M06104 Computational Science», «7M06105 Computer Science and Engineering», «7M06106 Secure Software Engineering», «7M06107 Media Technologies», «7M06108 Applied Artificial Intelligence» бағдарламалары кіреді)
• M072 – Менеджмент (құрамына «7M04102 Project Management», «7M04104 Digital Public Administration and Services», «7M04105 Digital Business and AI Technologies» бағдарламалары кіреді)

Құжаттарды тапсыру мерзімдері мен тәртібі
Өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Құжаттар тиісті Білім беру бағдарламалары мектебіне жеке тапсырылуы тиіс.
Белгіленген мерзімнен кейін немесе толық емес түрде тапсырылған құжаттар конкурсқа қатысуға қабылданбайды.
Құжаттар тиісті Білім беру бағдарламалары мектебіне жеке тапсырылуы тиіс.
Белгіленген мерзімнен кейін немесе толық емес түрде тапсырылған құжаттар конкурсқа қатысуға қабылданбайды.
Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар қатыса алмайды:
Емтихан сессиясының қорытындысы бойынша академиялық қарызы бар студенттер;
Басқа елдің азаматтығына ие студенттер;
Конкурс өткізу кезеңінде ауыстырылған немесе қалпына келтірілген студенттер (берілген білім беру бағдарламасы бойынша бос гранттар болған жағдайларды қоспағанда);
Шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстырылған немесе қалпына келтірілген, ЕНТ/КТ сертификаты жоқ студенттер.
Төлем негізінде басқа университеттерден ауыстырылған студенттер, академиялық айырмашылық болмаған жағдайда, жоғары білім алу барысында бос гранттар үшін конкурсқа қатыса алады.