Astana IT University
Меню
Зерттеу этикасы жөніндегі комитет

Зерттеу этикасы жөніндегі комитет

Этика комитеті AITU Ғылыми-техникалық кеңесі жанындағы тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

Комитет AITU-дың ғылыми-зерттеу қызметінде ғылыми және шығармашылық еркіндік, объективтілік, зерттеу нәтижелерінің ашықтығы, авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау, сондай-ақ зерттеуге қатысатын тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау сияқты негізгі этикалық қағидаттарды ілгерілетеді.

Комитеттің негізгі мақсаты

Зерттеу қатысушылары ретінде тартылған адамдардың құқықтарының сақталуын мониторингтеу; зерттеумен байланысты этикалық мәселелерді қарастыру; сондай-ақ зерттеушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Мақсатқа жету үшін Комитеттің қызметі төмендегілерге бағытталған:

• этикалық нормалардың сақталуына этикалық сараптама жүргізу және зерттеу қатысушыларының құқықтары мен бостандықтарына байланысты этикалық тәуекелдерді бақылау. Мысалы: міндетті түрде ақпараттандырылған келісімнің болуы, құпиялылықтың бұзылмауы, қатысушылардың психикалық денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеу және т.б.
• ғылыми зерттеуге қатысушылардың құқықтарын, қадір-қасиетін, қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауға қатысты этикалық сараптама жүргізу.
• ғылыми жұмыстардың нәтижелерін дайындау және жариялау кезінде академиялық адалдықтың сақталуына этикалық сараптама жүргізу (плагиат, ғылыми зерттеулердің сенімсіз нәтижелері, авторлық құқықтардың бұзылуы және т.б.).
• ұсынылған ғылыми зерттеу материалдарына, мысалы зерттеу хаттамасы, әдістемелер, қатысушыларға арналған ақпараттандырылған келісім нысандары сияқты құжаттарға, яғни адам қатысатын зерттеулерге қойылатын этикалық және құқықтық талаптардың сақталуына қатысты этикалық сараптама жүргізу.
• зерттеу хаттамаларына енгізілген толықтырулар мен түзетулерге сараптама жүргізу, сондай-ақ нормативтік құжаттарға сәйкес адам қатысатын зерттеулерге олардың аяқталуына дейін этикалық сүйемелдеу жүргізу.

Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері

Комитеттің міндеттеріне мыналар кіреді:
a) зерттеу хаттамасын, әдістемелерді және зерттеуге қатысушылардың ақпараттандырылған келісім нысандарын қарастыру;
b) қарау нәтижелері бойынша жазбаша қорытынды беру;

Ұсынылған материалдарды қарау Комитетке тапсырылған сәттен бастап 1 ай ішінде жүзеге асырылады.

Барлық Комитет мүшелері этикалық сараптама барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау міндетті.
Ғылыми зерттеулер этикасы жөніндегі комитеттің ережелері
Ғылыми зерттеулер этикасы жөніндегі комитетті құру туралы бұйрық