Әдебиеттерді сатып алуға өтінім
Құрметті оқытушылар!
Astana IT University кітапхана қорын 2026–2027 оқу жылына қалыптастыру мақсатында оқу әдебиеттерін сатып алуға өтінімдер қабылданады.
Білім беру үдерісін өзекті әрі сапалы дереккөздермен қамтамасыз ету үшін қажетті басылымдар тізбесін қалыптастыруға қатысуларыңызды сұраймыз.
Өтінімді толтырмас бұрын қажетті әдебиеттің кітапхананың электрондық каталогында бар-жоғын тексеруді және сайттың тиісті бөлімінде қолжетімді баспалардың прайс-парақтарымен танысуды ұсынамыз.
Маңызды:
– өтінімдер 2026 жылғы 1 мамырға дейін қабылданады;
– қазақстандық және ресейлік баспалар, әдетте, бір атау бойынша кемінде 10–25 дана тиражбен тапсырыс қабылдайды;
– қорытынды тізім басымдық, бюджет және білім беру бағдарламалары мектептерінің директорларымен келісу ескеріле отырып қалыптастырылады.
Өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар:
– формадағы барлық өрістерді толтыру қажет;
– басылымның толық библиографиялық деректерін көрсету қажет (авторы, атауы, баспасы, шыққан жылы, ISBN);
– пәнді, білім беру бағдарламасын, дайындық деңгейін және қажетті дана санын көрсету қажет;
– әдебиет түрін міндетті түрде көрсету қажет (оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми), өйткені әрбір пән тиісті әдебиет түрлерімен қамтамасыз етілуі тиіс;

Толтырылған өтінім нысанын келесі электрондық поштаға жіберу қажет: maral.nuralina@astanait.edu.kz
Сұрақтар туындаған жағдайда, келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: +7 705 623 3300.