Astana IT University
Меню
«Қолданбалы деректер аналитикасы» магистратурасының білім беру бағдарламасы

«Қолданбалы деректер аналитикасы» магистратурасының білім беру бағдарламасы

7M06103 Қолданбалы деректер аналитикасы

Білім беру бағдарламасы мақсаты

Үлкен көлемдегі деректерді талдау бағыты бойынша жоғары білікті ғылыми және қолданбалы мамандарды, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласы мен Қазақстан Республикасының экономиканың әртүрлі секторларында деректерді өңдеумен байланысты пәнаралық бағыттар үшін бағдарламалық-инженерлік жүйелердің басшылары мен басқарушыларын даярлауды қамтамасыз ету.

Маманның лауазымдарының тізімі

  • Жобалық-бағдарланған қызметтегі деректер аналитигі
  • Ғылыми-зерттеу қызметі аясындағы деректерді талдау саласындағы зерттеуші
  • Деректер аналитикасы пәндерінің оқытушысы
  • Білім және ғылым саласындағы басқару қызметі

Дәреже

  • «Қолданбалы деректер аналитикасы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Бағдарлама сипаттамасы

«Applied Data Analytics» («Қолданбалы деректер аналитикасы») білім беру бағдарламасы ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешу үшін қажетті есептеу және статистикалық дағдылар мен құралдарды меңгеруді қамтиды, мұнда негізгі элемент ретінде үлкен көлемдегі деректер қарастырылады.

Деректер аналитикасы бағыты маркетинг, фармацевтика, қаржы, менеджмент және басқа да көптеген салаларда жоғары сұранысқа ие. Магистратура бағдарламасы білім алушыларға заманауи есептеу әдістерін пайдалана отырып күрделі техникалық шешімдер әзірлеуге арналған аналитикалық құралдарды ұсынады және қатаң статистикалық ойлау қағидаттарына басымдық береді.

Оқу үдерісі аясында білім беруді басқарудың демократиялық қағидаттары жүзеге асырылады. Олар академиялық еркіндікті кеңейтуді және білім беру ұйымдарының дербестігін арттыруды қамтиды, бұл техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қоғамның, еңбек нарығы экономикасының өзгермелі қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасының икемділігі бір жағынан әрбір білім алушының жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін, екінші жағынан өндіріс пен қоғам талаптарын ескеруге жағдай жасайды.

Кәсіби қызмет саласы

«Applied Data Analytics» («Қолданбалы деректер аналитикасы») білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызметінің келесі бағыттарын қамтиды: жоғары оқу орындарында оқытушы ретінде жұмыс істеу, ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкер немесе зерттеуші ретінде қызмет ету, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы ақпараттық-есептеу жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу барысында өндірісте деректер аналитигі ретінде жұмыс істеу.

Негізгі қызмет деректерді талдау модельдерін, әдістерін және алгоритмдерін құру мен басқаруды, деректерді талдауға арналған бағдарламалық құралдарды әзірлейтін компаниялар мен институттарда жұмыс істеуді, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың, жобалау ұйымдарының, мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің деректерді талдау департаменттерінде қызмет атқаруды көздейді.

Қызмет саласы тек ақпараттық технологиялар саласымен шектелмейді, сонымен қатар кең ауқымды бағдарламалық құралдар әзірленетін, енгізілетін және қолданылатын пәнаралық жобаларға қатысуды да қамтиды. Басқаша айтқанда, «Қолданбалы деректер аналитикасы» білім беру бағдарламасының түлектері экономика мен адам қызметінің іс жүзінде барлық салаларында сұранысқа ие болады.

Бағыттар

Білім беру бағдарламасының құжаттары
Astana IT University
Ғылыми-педагогикалық бағыт — 2 жыл
h

Бағыттар жіктеуіші

Білім беру бағдарламаларының тобы: M094 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Білім беру бағдарламасы: «Қолданбалы деректер аналитикасы»
Оқыту тілі: Ағылшын тілі

Байланыс

Қабылдау комиссиясы

8(7172) 64-57-10 info@astanait.edu.kz

Дс-Жм 9:00 — 18:00