
Artificial Intelligence
8D06102 Artificial Intelligence
Білім беру бағдарламасы мақсаты
Жасанды интеллект саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге қабілетті, инновациялық шешімдер әзірлей алатын, сондай-ақ ғылым мен өнеркәсіптің түрлі салаларындағы күрделі міндеттерді шешу үшін машиналық оқыту мен деректерді талдаудың озық технологияларын енгізуге құзыретті жоғары білікті мамандарды дайындау.
Маманның лауазымдарының тізімі
- Жасанды интеллект саласындағы ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалардағы зерттеуші;
- Академиялық саладағы ғылыми қызметкер;
- Технологиялық компаниялардың R&D бөлімдеріндегі зерттеуші;
- Жасанды интеллект инженері;
- Технологиялық компанияларда машиналық оқыту және деректерді өңдеу алгоритмдері бойынша маман;
- Өнеркәсіп, денсаулық сақтау, көлік және қаржы салаларындағы жасанды интеллект архитекторы;
- Жасанды интеллект саласындағы үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман және бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы;
- Өнеркәсіпте немесе ұшқышсыз жүйелерді әзірлеу мақсатында жасанды интеллектті қолдана отырып, автономды роботтар мен роботтандырылған жүйелерге арналған жүйелерді әзірлеу инженері;
- Жасанды интеллект негізіндегі өнімдер мен стартаптарды әзірлеуші;
- Компьютерлік көру және кескіндер мен бейнелерді талдау жүйелері бойынша маман;
- Табиғи тілді өңдеу саласының маманы;
- Жасанды интеллект және машиналық оқыту жүйелерін әзірлеу мен қолдану мәселелері бойынша кеңесші;
Оқыту нәтижелері
- Ғылымдар тоғысында ғылыми зерттеуді іске асыруға тиісті тәсілді таңдау және (немесе) тұжырымдау;
- Эмпирикалық немесе есептік деректерді өңдеу мен түсіндірудің оңтайлы әдістерін таңдау және пайдалану;
- Белгісіздік жағдайында қолданбалы есептерді қою және шешу;
- Жаңа, күрделі идеялар мен білімдерді қалыптастыру, оларды көпшілікке және ғалымдарға жазбаша жұмыстар мен риторика арқылы түсінікті түрде түсіндіру;
- Ғылыми есептерді, ғылыми және техникалық құжаттаманы жасау және ресімдеу, рейтингтік басылымдарға мақалалар жазу;
- Мақалаларды жазу және жариялау процесінде ғылыми жұмыс жетекшісімен, рецензентпен және журнал редакторымен өзара әрекеттесу;
- Компьютерлік жүйелерді, олардың компоненттері мен алгоритмдерін сипаттау мен талдаудың тәсілдері мен құралдарын меңгеру, алгоритмдердің, хаттамалар мен бағдарламалардың қасиеттерін дәлелдеу, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыра және іске асыра білу.
- Ғылыми-эксперименттік іс-әрекеттің нәтижесінде білім алушы теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеудің көлемі мен міндеттерін анықтауға, бағдарламалауға, кодтауға және есептеуге бағдарлануға; диссертация жазу және/немесе рейтингтік басылымдарда мақала жариялау процесінде ғылыми есептер, ғылыми және техникалық құжаттаманы жасауға және ресімдеуге қабілетті болады
- Ғылымдар тоғысында ғылыми-эксперименттік зерттеуді іске асыруға тиісті тәсілді синтездеуге және (немесе) таңдауға; деректерді өңдеу және түсіндіру әдістерін таңдауға және пайдалануға; тиісті модельдерге, алгоритмдер мен архитектураларға қатысты қолданбалы есептерді қоюға және шешуге қабілетті болады
- Ғылымға жобалық тәсілді қолдануға қабілетті болады: ресурстарды бөлу және B еңбекті agile манифестіне сәйкес ұйымдастыру; тәуекелдерді талдау және икемді тәсіл қағидаттары негізінде мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау
- Күрделі идеяларды түсіндіре алады, тұжырымдамалық диаграммалар құра алады және жүйелердің құрылымын, құбылыстары мен процестерін сипаттайды
- Алгоритмдерді, есептеу модельдерін және компьютерлік бағдарламаларды ресімдей алады, олардың қасиеттерін талдай алады; нәтижелерді ұсыну үшін формальды модельді қолдана алады
- Талдамалық міндеттердің әртүрлі сыныптарының қасиеттерін сыни тұрғыдан талдай алады және нәтижелерді валидациялау және түсіндіру аспектілерін ескере отырып, оларды шешу әдісін дәлелді түрде синтездей алады
D094 – Ақпараттық технологиялар
Білім беру бағдарламаларының тобы
Білім беру бағдарламаларының тобы
8D06102 «Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы
Берілетін дәреже
Берілетін дәреже
3 жыл
Оқу мерзімі
Оқу мерзімі
Құжаттар
Докторлық зерттеу тақырыптары
Artificial Intelligence
Даму бағдарламасы
Artificial Intelligence
Түлек моделі
Artificial Intelligence
Білім беру бағдарламасы
Artificial Intelligence
Оқу пәндер
Базалық пәндер циклі
Жоғарғы оқу орны компоненті
Бейіндік пәндер циклі
Жоғарғы оқу орны компоненті
Бейіндік пәндер циклі
Таңдау компоненті

Байланыс
Қабылдау комиссиясы
8(7172) 64-57-10
info@astanait.edu.kz
Дс-Жм 9:00 — 18:00