
Project Management
7M04102 Project Management
Менеджмент және бизнесті ұйымдастыру
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Халықаралық және отандық компанияларда, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарында өздерінің кәсіби білімдерін, дағдылары мен қабілеттерін іске асыруға қабілетті жобалық басқару және инновациялық қызмет саласында жоғары білікті кадрларды даярлау.
Маманның лауазымдарының тізімі
- Тренер;
- Аға оқытушы;
- Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары;
- Республикалық орталықтың сарапшысы;
- Оқытушы;
- Ұйым басшысы;
- Құрылымдық бөлімше басшысы;
- Ұлттық, ғылыми-практикалық орталықтың ЖОО қызметкері;
Оқыту нәтижелері
- Қазіргі қоғамдағы тарихи, философиялық және рухани процестердің рөлін, зерттеу қызметі барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдарын біледі.
- Арнайы экономикалық мақсаттарға, іскери кездесулер мен келіссөздерге, ұлттық және халықаралық деңгейде жобаларды басқаруға арналған жалпы, іскерлік және кәсіби лексиканы қолдана отырып, адамдар арасындағы қатынас үшін кәсіби ақпарат пен жеткілікті коммуникативтік дағдыларды алу үшін қажетті академиялық деңгейде шет тілін біледі.
- Негізгі ережелерді, әдістеме мен дидактиканы қолданады, пәнаралық және проблемалық оқытуға негізделген заманауи білім беру-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып университеттегі педагогикалық процесті жобалайды және ұйымдастырады.
- Басқару іс-әрекетінің психологиялық заңдарының негізгі ережелерін, әлеуметтік психологиялық білімдерді қолдану ерекшеліктерін және тиімді басқарудың негізінде жатқан әлеуметтік-психологиялық қағидаларды қолданады.
- Инновациялық жобалар мен іскери операцияларды заманауи басқару әдістері, принциптері мен мәдениетін; жобаларды басқарудағы бизнес-модельдердің икемді тәсілдері мен құралдары; жобалық басқару процесіндегі ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау қабылеттеріне иеленеді.
- Жобаны басқару құралдары мен әдістерін, жобаны құрылымдау процедураларын, жобаның бюджетін әзірлеуді, уақыт пен жобаның құнын басқаруды, жобаның барысын бақылауды, жобаның кестесін есептеу тәсілдерін қолданады.
- Бағдарламалық және жобалық портфель басқару негіздеріне ие.
- Инновациялық жобаларды басқаруды ұтымды ету мақсатында бизнесті талдау, бизнес модельдері мен өнімдерін зерттеу және талдау құралдарын қолданады.
- Жобаларды талдауды және бағалауды жүзеге асырады.
- Жоба басқаруда интеграцияланған ақпараттық технологиялар жүйесін қолданудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, жобаларды басқару міндеттерін орындау мақсатында бағдарламалық өнімдерді қолданады.
- Жоба тобын басқару және дамыту дағдыларына ие.
M072 – Менеджмент және басқару
Білім беру бағдарламаларының тобы
Білім беру бағдарламаларының тобы
«7M04102 Жобаларды басқару» (Project Management) білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі
Берілетін дәреже
Берілетін дәреже
2 жыл
о
қу мерзімі
о
қу мерзімі
Құжаттар
Оқу пәндері
Базалық пәндер циклі
Жоғары оқу орны компоненті
Базалық пәндер циклі
Таңдау компоненті
Бейіндеуші пәндер циклі
Жоғары оқу орны компоненті
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Қорытынды аттестаттау

Байланыс
Қабылдау комиссиясы
8(7172) 64-57-10
info@astanait.edu.kz
Дс-Жм 9:00 — 18:00