Astana IT University ректоры

Сәлеметсіз бе, құрметті қонақтар!

Қазақстанның сандық болашағы – Astana IT University сайтына қош келдіңіздер!

Біздің университетте инновациялық білім беру бағдарламалары, техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған аудиториялар, әлемдік IT-компаниялардың зертханалары, коворкинг-орталықтары, жоғары білікті оқытушылар – АҚШ, Ұлыбритания және Германияның жетекші университеттерінің түлектері бар.

Біз IT индустриясындағы отандық және халықаралық компаниялармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз, Astana IT University студенттері Huawei, Microsoft, Kaspersky, CISCO, Lenovo, HP және т. б. серіктестеріміз базасында тәжірибеден өтеді.

Біз шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік береміз – Green River College, IGLOBAL University (АҚШ), University of Latvia, Dortmund University of Applied Sciences and Arts (Германия), Weihai Professional College (Қытай) және т. б.

Біз нарықтың қажеттілігін нақты бақылаймыз. Бұл біздің білім беру бағдарламаларымыздың мазмұнын дұрыс қалыптастыруға, инновациялық білім беру технологиялар мен стратегияларды қолдануға, ІТ саласының ең білікті мамандарын тартуға көмектеседі.

Біздің ұстанымымыз: «талантты студенттер – дарынды оқытушылар-табысты ел!».

Astana IT University «EXPO» аумағында орналасуы кездейсоқ емес. Дәл осы жерде Халықаралық IT-технопаркі орналасқан. Бұл дегеніміз, студенттер «Astana Hub» экожүйесінде  IT технологиялар саласындағы өздерінің Startup жобаларын дамыта алады.

Astana IT University студенттерінің бірі болғысы келетін әрбір талапкерге біз өз әлеуетін жүзеге асыруға және тек үш жыл ішінде IT индустриясы саласындағы ең табысты маман болуға мүмкіндік береміз. Сондықтан Astana IT University әр студенті осы мақсатқа жету үшін өз күш-жігерін жұмсауы керек.

Біздің университеттің студенттері IT технологиялар саласындағы инновациялық Startup жобаларды оқыту және генерациялау үшін ең жақсы шарттар алады. 

Astana IT University Қазақстанның цифрлық трансформация саласында кадрларды дайындау бойынша көшбасшы болып табылады.

Сіздерді біздің университетімізде күтеміз.

 

Құрметпен, Astana IT University ректоры

Ректорға сұрақ қою





    Жиі қойылатын сұрақтар

    AITU-дағы оқу мерзімі?

    AITU-да оқу мерзімі – 3 жыл. Біздің студенттер оқу қарқындылығына байланысты университетті 1 жыл бұрын бітіреді. AITU студенттері шілде айына дейін оқиды, осылайша көбірек кредиттер санын жабады.

    Оқыту қай тілде жүргізіледі?

    Astana IT University-де оқыту толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі.

    Университетте әскери кафедра бар ма?

    Astana IT University-де әскери кафедра бар. Біздің студенттер 5 мамандық бойынша запастағы лейтенант атағын ала алады: геоақпараттық жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік және топогеодезиялық бөлімшелерді қолдану, Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру, Психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру. Сіз әскери кафедраға грантқа да, ақылы бөлімге де түсе аласыз.

    Сізде жатақхана бар ма?

    Иә. Университеттен 15 минуттық жерде Expo Residence тұрғын үй кешенінде ұлдар мен қыздарға арналған екі студенттер үйі орналасқан.

    SAT ұпайларымен университетке түсуге бола ма?

    Сіз ҰБТ балдарына аударылған, SAT балдарымен университетке түсе аласыз. Бұл рәсімді сіз Ұлттық Тестілеу Орталығының базасында өткізе аласыз.

    MESC ұпайларымен университетке түсуге бола ма?

    Сіз ҰБТ балдарына аударылған, SAT балдарымен университетке түсе аласыз. Бұл рәсімді сіз Ұлттық Тестілеу Орталығының базасында өткізе аласыз.

    Грантқа түсу үшін шекті балл қандай?

    Грантқа түсу үшін шекті балл жоқ. Грантқа өтініш беру үшін сізге кемінде 70 немесе 85 балл (таңдаған білім беру бағдарламаға байланысты), сондай-ақ ҰБТ-да әр пән бойынша кемінде 5 балл жинап, AET түсу емтихандарын тапсыру қажет. Бұдан әрі гранттар балл бойынша бөлінеді. Бірінші кезекте гранттарды ең жоғары нәтижелері бар талапкерлер алады.